Нысаналы топтарға жататын қосымша тұлғалар тізбесін орнату туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 13 сәуірдегі N 98 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 4 мамырда N 13-4-86 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 1 қыркүйектегі N 227 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық әкімдігінің 2010.09.01 N 227 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, аудандағы еңбек нарығындағы жағдайды есепке ала отырып жұмыспен қамту саясатын жүзеге асыру және жұмыспен қамту саласында қосымша мемлекеттік кепілді қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Нысаналы топтарға жататын қосымша тұлғалар тізбесі анықталсын:
      1) Жиырма төрт жасқа дейінгі жастар;
      2) 50 жастан асқан тұлғалар;
      3) Қосымша жұмыс істемейтін тұлғалар (1 жылдан астам)
      4) Оқу орындарының түлектері;
      5) Ұйымдардың штаттық немесе сандық қысқартуына байланысты жұмыссыз қалған тұлғалар;
      2. Ақжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қосымша нысаналы топтарға қатысты тұлғаларды әлеуметтік қорғау және дер кезінде жұмыспен қамтып жәрдемдесуге байланысты іс шаралар жасасын.
      3. Осы қаулының атқарылуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Молдағанапов З.Ж. жүктелсін.
      4. Осы қаулы баспасөзде алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Аудан әкімі                                      А. Тастеміров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады