2010 жылға нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 10 желтоқсандағы N 307 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 28 желтоқсанда N 13-6-132 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 16 ақпандағы N 61 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2010.02.16 N 61 Қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы, 1-тармағы 13), 14) тармақшаларына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағы, 7-бабы 2) тармақшасына, Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 264 қаулысына сәйкес, аудандық нарықтағы жағдайды есепке ала отыра, жұмыспен қамту саясатын жүзеге асыру және жұмыспен қамту саласында қосымша мемлекеттік кепілдерді қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) Жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан аса);
      2) орта, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының түлектері;
      3) 50 жастан асқан тұлғалар;
      4) біреу де жұмыс істемейтін отбасылардың тұлғалары.
      2. Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі нысаналы топтарға қосымша жатқызылған тұлғаларды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғауға көмектесу бойынша шараларды уақытында қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.К. Бектасоваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                                                 В. Бубенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады