Мағжан Жұмабаев ауданы Совет, Чистовск селоларының және Сулышоқ ауылының шекараларын өзгерту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әкімдігі мен мәслихатының 2009 жылғы 29 шілдедегі біріккен N 249 қаулысы мен шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 10 қыркүйекте N 13-9-99 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер Кодексінің 108-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 31-бабы 1-тармағы 10-тармақшасына және 6-бабы 1-тармағы 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аймақтық құрылысы туралы» заңының 512-баптарына сәйкес, Совет, Чистов, Успен селолық округ әкімдерінің ұсыныстары және Совет, Чистовск селолары мен Сулышоқ ауылының тұрғындары жиналысының хаттамалары негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және аудан мәслихаты ШЕШІМ қабылдайды:
      1. Совет, Чистовск селоларының және Сулышоқ ауылының шекараларына қордағы жерлерден жер қосылып, өзгертілсін:
      Совет селосына – 46 га, Совет селосының соңғы шекарасы 2243 га болып есептелсін;
      Чистовск селосына – 351 га, Чистовск селосының соңғы шекарасы 2288 га болып есептелсін;
      Сулышоқ ауылына – 185 га, Сулышоқ ауылының соңғы шекарасы 581 га болып есептелсін.
      2. Осы шешім мен қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне еніп, алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Сапаров
      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Б. Жұмашев
      Аудандық мәслихаттың хатшысы               В. Гюнтнер
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады