Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 1 ақпандағы № 14-2 "Біржолғы талондардың құны және бекітілген салықтың бірыңғай ставкалары туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 29 шілдедегі N 17-6 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 10 қыркүйекте N 13-9-103 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 29 наурыздағы N 10-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы аудандық мәслихаттың 29.03.2013 N 10-6 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-ІV «Қазақстан Республикасының «Салықтар мен бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Заңының 36-бабының 1-тармағындағы 1) тармақшаға және 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213  «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 1 ақпандағы № 14-2 «Бір жолғы талондардың құны және бекітілген салықтың бірыңғай ставкалары туралы» (нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің Мемлекеттік тізілімінде 2009 жылғы 12 наурызда № 13-9-87 тіркелген, аудандық «Вести» газетінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 12 санында жарияланған) шешімі «Қызметін ауық-ауық жүргізетін жеке тұлғалар үшін хронометраждық бақылаулар мен тексерулердің орташакүндік көрсеткіштері негізінде, қызметтің орны, түрі, шарттары, кіріс алу объектісінің сапасы мен ауданы және Мағжан Жұмабаев ауданында қызмет көрсетудің тиімділігіне ықпал ететін басқа да факторлар есепке алынған біржолғы талондар құны туралы» № 3-қосымшамен толықтырылсын (қоса берілген).
      2. Осы шешім мемлекеттік тіркелген кезден күшіне енеді және бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Мәслихат хатшысы
      Б. Жұмашев                                 В. Гюнтнер

      КЕЛІСІЛДІ:
      Аудан әкімінің заңгерлік
      мәселелер жөніндегі кеңесшісі              Г. Алпысбаева

Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 29 шілдедегі
№ 17-6 шешіміне қосымша

Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 1 ақпандағы
№ 14-2 шешіміне 3-қосымша

Қызметін ауық-ауық жүргізетін жеке тұлғалар үшін хронометраждық бақылаулар мен тексерулердің орташакүндік көрсеткіштері негізінде қызметтің орны, түрі, шарттары, кіріс алу объектісінің сапасы мен ауданы және Мағжан Жұмабаев ауданында қызмет көрсетудің тиімділігіне ықпал ететін басқа да факторлар есепке алынған бір жолғы талондар құны туралы

Қызметтер
орналасқан
жер

Қызметтің түрі

Бір жолғы
талонның құны
(теңгемен)

1

2

3

Мағжан Жұмабаев ауданы

Жеке трактор иелерінің жер учаскелерін өңдеу бойынша қызметі

280

Үй жануарларын бағу

106

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады