Мағжан Жұмабаев ауданының елді мекендерінде жануарларды ұстау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 20 қазандағы N 18-4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 1 желтоқсанда N 13-9-108 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 6 маусымдағы N 4-6 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы аудандық мәслихаттың 2012.06.06 N 4-6 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 3-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабы 2-тармағы 1) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Мағжан Жұмабаев ауданының елді мекендерінде жануарларды ұстау ережесі бекітілсін.
      2. Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 19 маусымдағы № 42-4 «Мағжан Жұмабаев ауданының елді мекендерінде жануарларды ұстау ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 31 шілдеде № 13-9-49 тіркелген, аудандық «Вести» газетінің 2007 жылғы 19 қазандағы № 42 санында жарияланған); 2007 жылғы 17 шілдедегі № 43-2 «Мағжан Жұмабаев ауданы аумағында иттер мен мысықтарды ұстау ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 27 тамызда № 13-9-50 тіркелген, аудандық «Вести» газетінің 2007 жылғы 19 қазандағы № 42 санында жарияланған) шешімдері күшін жойды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Мәслихат хатшысы
      А. Штах                                    В. Гюнтнер

      КЕЛІСІЛДІ:
      Мемлекеттік санитарлық
       эпидемиологиялық қадағалау
      басқармасының Мағжан Жұмабаев
      ауданы бойынша бастығы                     C. Жигаев

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылық министрлігінің
      Агроөнеркәсіптік кешеніндегі
      мемлекеттік инспекция комитетінің
      Мағжан Жұмабаев аудандық аумақтық
      инспекциясының бастығы                    А. Сағындықов

Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 20 қазандағы
№ 18-4 шешімімен бекітілді

Мағжан Жұмабаев ауданының елді мекендерінде жануарларды ұстау
Ережесі 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мағжан Жұмабаев ауданында жануарларды ұстау Ережесі (әрі қарай - Ереже) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 3-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабы 2-тармағы 1) тармақшасына сәйкес әзірленген.
      2. Осы Ережеде төмендегі түсініктер қолданылады:
      1) бақылаусыз жануарлар – меншік иесі бар, бірақ оның бақылауынан уақытша шыққан жануарлар, меншік иесі жоқ немесе меншік иесі белгісіз және де меншік иесі иемдену құқығынан бас тартқан үй жануарлары.
      2) ветеринарлық төлқұжат - мемлекеттiк ветеринарлық қадағалау объектiлерiне ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен ветеринарлық инспекторлар беретiн ветеринарлық-санитарлық қорытынды, ветеринарлық куәлiк, ветеринарлық сертификат, ветеринарлық анықтама;
      3) ветеринарлық iс-шаралар – жануарлар ауруларының алдын алу, емделуiн немесе диагностикасын қоса алғанда, оның шығуын, таралуын болдырмауға немесе оны жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн аса қауiптi аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнiмдiлiгiн арттыруға; жануарлардың және адамдардың денсаулығына жұқпалы, оның iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, түгендеу рәсiмiн қоса, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған iндетке қарсы, ветеринарлық-санитарлық рәсiмдер кешенi;
      4) ветеринарлық құжат – ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысандағы құжат, онда жануардың иесi, жануардың түрi, жынысы, жасы, жануарлар ауруларының алдын алуы, диагностикасы және оларды емдеу мақсатында жүргiзiлген ветеринарлық өңдеудің мерзiмдерi мен сипаты көрсетiледi;
      5) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер - ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтетiн, ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар орындау үшiн мiндеттi болып табылатын ветеринариялық нормативтер негiзiнде ветеринариялық iс-шараларды жүргiзу тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық акт;
      6) ветеринарлық-санитарлық сараптама - жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың ветеринарлық нормативтерге сәйкес келуiн ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық және радиологиялық зерттеулер кешенi арқылы тексеруi;
      7) жануардың иесі - жеке меншік немесе басқа да иеліктегі жеке немесе заңды тұлға.
      8) иттер мен мысықтарды серуендету - иесінің меншігі болып табылатын немесе басқа тұлғаның жалға алған жануарлардың жайлардан тыс болуы, сондай-ақ иттер мен мысықтардың арнайы бөлінген аумақтарда болуы;
      9) үй жануарлары – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жануарлардан басқа, адаммен толық немесе жартылай ұсталатын және өнеркәсіп өнімі мен тағам өнімдерін алуда қолданылмайтын зоологиялық түрлер.
      10) жануарлар – жануарлар әлемінің ауыл шаруашылығы, үй, жабайы, сүтқоректілер, құстар, бал аралар, балықтар, қосмекенділер, тағы басқа да өкілдері;
      11) мысық – мөлшеріне, түріне және өзге ерекшеліктеріне қарамастан, сүтқоректі, мысықтұқымдас үй жануары;
      12) қоғамдық орындар - адамдардың көп жиналатын немесе адамдардың жиналуы мүмкін орындар, оның ішінде көшелер, скверлер, саябақтар және азаматтардың демалатын өзге орындары, шомылатын жерлер, стадиондар, сауық шаралары жүргізілетін орындар;
      13) ит – мөлшеріне, түсіне және өзге ерекшеліктеріне қарамастан, сүтқоректі, қасқыр тұқымдас үй жануары;
      14) жануарларды ұстау – жануарлар иелерінің жануарлардың өмірін, денсаулығын сақтау, ветеринарлық-санитарлық нормаларды сақтаған жағдайда толық жарамды ұрпақалу, сонымен қатар қоғамдық тәртіпті және азаматтар мен жануарлар әлемінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүргізетін әрекеттері.
      3. Адамдардың және жануарлардың денсаулығына аса қауіп туғызатын жануарларды алып қою және жою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
      4. Осы Ереженің талаптары меншік түріне және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, Мағжан Жұмабаев ауданының аумағында орналасқан жеке және басқадай меншігінде жануары бар жеке және заңды тұлғаларға, барлық жануар иелеріне таралады.

2-тарау. Жануарларды тіркеу тәртібі

      5. Мағжан Жұмабаев ауданында жануарларды тіркеу және есепке алу, сондай-ақ жануарларды сәйкестендіру мәліметінің компьютерлік базасын жасау бойынша мемлекеттік уәкілетті органдар:
      "Мағжан Жұмабаев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Мағжан Жұмабаев аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.
      6. Жануарларды тіркеу оларды сәйкестендіру жолымен жүргізіледі. Жануарларды сәйкестендіру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
      7. Тіркелген жануарға ветеринарлық төлқұжат ресімделеді және оның барлық өмір сүру уақытына сақталатын сәйкестендіру нөмірі беріледі.
      8. Жануарларды тіркеу және қайта тіркеу кезінде иелері келесі мәліметтерді тапсырады:
      иесінің тұлғасын растайтын құжаты;
      тұрғылықты мекен-жайы, телефоны;
      жануар туралы мәлімет (тұқымы, жынысы, аты, жасы, туған жылы, түрі, түсі, ерекше белгілері немесе жануардың сипаттамасы, сәйкестендіру әдісі).
      9. Сатып алынған жануарларды тіркеу жүргізіледі. Жануарларды сату немесе жаңа иесіне беру олардың ветеринарлық құжаттарын қоса беру арқылы жүзеге асырылады.
      10. Жануар мерт болған жағдайда ветеринарлық төлқұжаты бұрын жануар тіркелген уәкілетті мемлекеттік органға тапсырылады.
      11. Тіркеу органына жануардың қолдан кетуі (сату, жоғалу, мерт болуы, басқа тұлғаға беру) туралы оны есептен шығару немесе қайта тіркеу үшін хабарланады.
      12. Жануарларды тіркеу және сәйкестендіру рәсімі жануар иесінің есебінен жүзеге асады.

3-тарау. Жануарларды ұстау, серуендету және бағу

      13. Әр жануар иесінің меншігі болып табылады және өзге де меншік сияқты заңмен қорғалады.
      14. Жануарлар сот шешімімен немесе заңнамамен қарастырылған өзге тәртіпте және жағдайда алынып қойылуы мүмкін.
      15. Жануар иесі:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жануарларды сатып алады және өз иелігінен айырады;
      2) жануарларды ұстау, көбейту тәртібі туралы қажетті ақпаратты жануарлар иелері қоғамдарынан (клубтарынан), ветеринарлық ұйымдардан алады;
      3) жануарларды сәйкестендіруді жүзеге асырады, ветеринар мамандарына арнайы ветеринарлық іс-шараларды жүргізу үшін қолайлы жағдай туғызады, қажетті ветеринарлық шаралар жүргізгенде мемлекеттік ветеринарлық қызмет мамандарының нұсқауларын орындайды;
      4) жануардың жеке нөмірі жоғалғанда жоғалған жеке нөмірді қалпына келтіреді;
      5) жануарлардың ауруларын ескертуді қамтамасыз ететін ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген ветеринариялық (ветеринариялық - санитариялық) ережелерді сақтай отырып, ветеринарлық (егу және серологиялық зерттеу) және әкімшілік шаруашылық іс-шараларды жүргізуді жүзеге асырады;
      6) жануарларды емдеуді және ауруларды алдын алуды уақтылы жүргізуді аурудың барлық жағдайларында немесе ауру күдігі болғанда тез арада ветеринариялық мекемеге хабарлайды, тексеру нәтижесі бойынша мамандардың ұсынымын бұлжытпай орындауды жүзеге асырады.
      7) жануарларды, аквариумдағы балықтарды, омартадағы балдарды, ұстауды, көбейтуді және пайдалануды ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен нормативтерге сәйкес жүзеге асырады;
      8) жануардың қоршаған ортаға қауіп туғызбайтын және мазаламайтын мінез-құлығын қамтамасыз етеді, азаматтардың денсаулығына және мүлкіне, заңды тұлғалардың мүлкіне қауіп тууын болдыртпайды;
      9) адамды қауып алған, оған жарақат келтірген жағдайда:
      зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсету үшін емханаға жеткізеді;
      жануардың сақталуын, құтыру ауруын анықтау үшін ветеринарлық мамандардың бақылауын қамтамасыз етеді;
      10) жануарлардың кенеттен мерт болуы мен бірнеше жануарлардың бір уақытта ауыруы немесе әдеттен тыс мінез көрсетуі туралы ветеринариялық мамандарға хабарлайды. Ветеринариялық мамандар келгенше ауруға ұшыраған сезікті жануарларды оқшаулап ұстап, шара қабылдау және ауырып өлгендігіне күдікті жануардың өлігін сақтайды;
      11) ветеринариялық мекемелердің мамандарына олардың негізделген талабы бойынша қарауды, диагностикалық зерттеу және емдеу-алдын алу шараларын, егу мен вакцинация жүргізу үшін жануарларды көрсетеді;
      12) ауыл шаруашылығы жануарын өнімін сату үшін сою алдында ветеринарлық тексеруден және сойылғаннан кейін оның еті мен органдары ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткізеді;
      13) жануарларды союға арналған арнайы алаңдарда ветеринарлық инспектор қарағаннан кейін сояды;
      14) өлген жануардың өлігін ветеринарлық маман қарағаннан кейін малқорымына (Беккар шұңқырына) көмеді;
      15) ветеринар мамандарына олардың қызметтік міндеттерін атқаруына көмек көрсетеді;
      16) жануарды ұстауға мүмкіндігі болмаған жағдайда оны басқа адамға береді, қараусыз жануарларға арналған паналау баспанаға немесе ветеринарлық мекемеге тапсырады;
      17) жануарды бағу орнына дейін және бағу орнынан ұстау орнына дейін белгіленген бағыттарға сәйкес жеткізеді;
      18) малды бағу кестесін сақтайды;
      16. Жануарларға қажетті ветеринарлық өңдеу жүргізіліп, арнайы берілген учаскелерде бағылады.
      17. Жануарларды суару мен жуындыру арнайы берілген орындарда жүргізіледі.

4-тарау. Иттер мен мысықтарды ұстау

      18. Санитарлық-гигиеналық, зоогигиеналық талаптар сақталған жағдайда мыналар жіберіледі:
      1) көп қабатты тұрғын үйлердің пәтерлерінде иттер мен мысықтарды ұстау;
      2) жеке тұрғын үй қорындағы үйде, ғимаратта және оған іргелес аумақта иттер мен мысықтарды ұстау;
      3) күзетші иттерді қоршалған аумақтарда, жануарлардың қашып шығуын, жануардың адамдарға және басқа жануарларға шабуылдауын болдырмайтындай ұстау. Аумаққа кірер жерде иттің бар екенін ескертетін тақтайшаға иттің суреті мен "Итпен күзетіледі!" деген ескерту жазуды қамтамасыз ету қажет.
      19. Мыналарға жол берілмейді:
      1) тұрғын үй қоры пәтерлерінде иттер мен мысықтар үшін паналау баспаналарын ұйымдастыруға;
      2) көпшілік пайдаланатын орындарда (дәліздерде, баспалдақтарда, жертөледе, шатырларда, лоджияларда, балкондарда және басқа да қосымша орынжайларда), иттер мен мысықтарды ұстауға;
      3) егуден өтпеген иттер мен мысықтарды ұстауға;
      4) иттер мен мысықтардың терісін және етін сақтау, тұтыну, өңдеу мен сату мақсатында оларды аулауға, сатып алуға, ұстауға және өндіруге;
      20. Азаматтарға, кәсіпорындарға, мекемелерге және ұйымдарға тиесілі иттер, екі айлық жасынан бастап, текті тұқымына қарамастан өте қауіпті инфекциялық және инвазиялық ауруларға қарсы міндетті түрде ветеринариялық алдын ала өңдеуге жатады.
      21. Мысықтар екі айлығынан бастап жануарлар мен адамдарға ортақ инфекциялық ауруларға, эпизоотиялық көрсеткіштер бойынша микроспорияға қарсы егу мен гельминттерге зерттелуге жатады.
      22. Егер жануардың иесі заңды тұлға болса, онда ол жануарды күтуге жауапты тұлға тағайындауы керек.

5-тарау. Иттерді серуендету тәртібі

      23. Иттерді тұмсығына тұмылдырық кигізіп серуендетуге болады.
      24. Иттерді серуендетуге жол берілмейді:
      1) індетке қарсы іс шаралар жоспарына сәйкес міндетті ветеринарлық алдын алу шараларынан өткізілмесе;
      2) балалардың алаңқайлары және спорт алаңдарында, қалалық шомылу орындарында, мектепке дейінгі және оқу орындарының, емдеу мекемелерінің аумақтарында, саябақтарда және қала тұрғындары жаппай демалатын басқа орындарында;
      3) адамдарды құтқару жөніндегі жұмысты орындаушы, сондай-ақ қылмыспен күрес және қоғамдық тәртіпті күзетуші қызметтік иттерден және көзден кемтар адамдарды ертіп жүретін иттерден басқасын халық жиналатын орындарда және қоғамдық шараларды өткізетін орындарда;
      4) алкогольдік және есірткілік еліту жағдайындағы адамдар мен 14 жасқа толмаған балаларға.
      25. Көшеден өтер кезде және магистральды көшелердің жанында иттің иесі (итті серуендетуші адам) оны жол-көлік оқиғасын және иттің жол үстінде мерт болуын болдырмау үшін қысқа бауда ұстауы қажет.

6-тарау. Иттер мен мысықтарды қоғамдық қалалық көлікте тасымалдау тәртібі

      26. Қалалық қоғамдық көлікте иттер мен мысықтар келесі талаптарды орындағанда тасымалдауға жол беріледі:
      1) иттер қалалық қоғамдық көліктердің артқы алаңдарында, оның нәжісін жинап алатын ыдысы, тұмылдырық кигізілген және қысқа бауда болғанда, жолаушылардың мазасын алмайтындай жағдайда тасымалданады;
      2) декоративті тұқымды иттер мен мысықтар арнайы торларда (тасымалдауға арналған контейнерлерде), олардың нәжістерін жинап алатын ыдысы болса ғана тасымалданады.
      27. Қалалық қоғамдық көлікте тасымалдауға жол берілмейді:
      1) ауру иттер мен мысықтарды тасымалдауға;
      2) алкогольдік және есірткілік еліту жағдайындағы адамдар мен 14 жасқа толмаған балалардың иттерді тасымалдауға;
      28. Жануарларды тасымалдауға олардың денсаулығы, жүргізілген алдын алу өңдеу туралы ветеринарлық куәлігі мен бекітілген тәртіпте уәкілетті мемлекеттік органда берілген ветеринарлық төлқұжаты болғанда жол беріледі.
      29. Жануарларды Мағжан Жұмабаев ауданының аумағынан тыс темір жол көлігінде, әуе, автокөлікпен тасымалдау осы көлік түрлерінде тасымалдау Ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

7-тарау. Бақылаусыз иттер мен мысықтарды аулау

      30. Бақылаусыз иттер мен мысықтарды аулау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастырылады және жүргізіледі.

8-тарау. Ауылшаруашылық, үй, жабайы және экзотикалық жануарларды, құстар мен бал араларды ұстау

      31. Ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау, көбейту, бағу, айдау санитарлық аймақтың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      32. Ауыл шаруашылық жануарларын, құстарды ұстау қолданыстағы санитарлық нормаларға сәйкес арнайы жабдықталған бөлмелерде және қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігін есепке ала ұсталады.
      33. Елді мекеннің ауа кеңістігі арқылы жыл құстары ұшып өтетін мезгілдерде жұқпалы ауыруларды таратушы болуы мүмкін жабайы құстармен қатынасты болдырмау мақсатында құс иелері құстарды (барлық түрлерін) жабық орындарда ұстауы қажет.
      34. Құстарды ашық су қоймаларда дайындалған жеммен алдын ала дайындықсыз қоректендіруден, сонымен қатар үй құстарын суаратын ашық тұрған су қоймалардан су алып пайдаланудан сақ болу керек.
      35. Экзотикалық жануарларды табиғи ортаға жіберуге болмайды.
      36. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде, мектептерде және басқа ұйымдар мен мекемелердегі зоологиялық бұрыштарда жануарлар мен құстарды ұстау тек қана ветеринария, санитарлық эпидемиологиялық қадағалау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың келісімімен жол беріледі.
      37. Бал аралар ұстайтын жеке және заңды тұлғалар омарталарды адамдарға қауіп төндірмейтін орындарға орналастыруы керек. Омартаны қауіпсіз орындарға орналастыру ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның келісімімен анықталады.

9-тарау. Осы Ережені бұзғаны үшін жануар иелерінің жауапкершілігі

      38. Осы Ереженің сақталуын бақылау мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте жүзеге асырылады, осы Ережені бұзған кінәлі тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады