Салықтар мен төлемдердің жеке түрлерінің ставкалары туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2009 жылғы 14 наурыздағы N 13/3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 17 сәуірде N 13-10-81 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 26/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 26.03.2018 № 26/4 (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін күшіне енгізу туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-IV Заңына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Кодексіне сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Заңының 36-бабының 6-тармағына сәйкес":
      1) 2012 жылға арналған Мамлют ауданы бойынша базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) өткізуді қоспағанда, тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін;
      2) 2012 жылға арналған Мамлют ауданы бойынша қызметі дүркін-дүркін сипатта болып тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар үшін біржолғы талондардың құны осы шешімнің 2-қосымшасынасәйкес белгіленсін;
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2012.08.06 N 5/4 Шешімімен
      2. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Кодексінің 422-бабының 2-тармағына сәйкес 2008 жылға арналған Мамлют ауданы бойынша айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың ставкалары 4-қосымша бойынша белгілеу;
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2011.12.22 N 40/2 Шешімімен
      3. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған соң, он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
      4. Аудандық мәслихаттың "Салықтар және жеке төлемдер түрлерінің ставкалары туралы" 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 22/4 шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 13-10-26 2006 жылғы 7 ақпаннан тіркелген, 2006 жылғы 1 наурыздағы № 12 "Знамя Труда" газетінде жарияланған), аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 11 шілдедегі № 26/4 "Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 31 қаңтардағы "Салықтар және жеке төлемдер түрлерінің ставкалары туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 13-10-36 2006 жылғы 8 тамыздан тіркелген, 2006 жылғы 18 тамыздан № 8 "Знамя труда" газетінде жарияланған), аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 16 сәуірдегі № 33/5 "аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 22/4 "Салықтар және жеке төлемдер түрлерінің ставкалары туралы" шешіміне өзгертулер енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 13-10-46 2007 жылғы 10 мамырдан тіркелген, 2007 жылғы 25 мамырдан № 25 "Знамя труда" газетінде жарияланған) шешімдері күші жойылды деп танылсын.

Аудандық мәслихат
Аудандық мәслихаттың
сессиясының төрайымы
хатшысы
Н.А. Серикова
А. С. Нұртаев

     

  Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 14 наурыздағы
№ 13/3 шешіміне қосымша 1

2012 жылға арналған Мамлют ауданы бойынша базар аумағындағы дүңгіршектердегі,стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) өткізуді қоспағанда, тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2012.08.06 N 5/4 Шешімімен

№ п/п
Кәсіпкерлік қызметтің түрлері
1 күнге (теңгеде) біржолғы талонның құны
1
Сауда үстелінен азық-түлік тауарларын сату
320
2
Шатырда азық-түлік тауарларын сату
485
3
Мәшинеден азық-түлік тауарларын сату
520
4
Көкөністерді, жемістерді, сүт өнімдерін, шекілдеуікті қолдан сату
70
5
Сауда үстелінен көкөністерді, жемістерді, сүт өнімдерін, шекілдеуікті сату
320
6
Мәшинеден көкөністерді, жемістерді, сүт өнімдерін сату
712
7
Ет өнімдерін сату
412
8
Өндірістік тауарларды қолдан сату
140
9
Сауда үстелінен өндірістік тауарларды қолдан сату
320
10
Шатырда өндірістік тауарларды сату
510

  Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 14 наурыздағы
№ 13/3 шешіміне қосымша 2

Мамлют ауданы бойынша қызметі дүркін-дүркін сипатта болып тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар үшін біржолғы талондардың құны

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2012.08.06 N 5/4 Шешімімен


Кәсіпкерлік қызметтің түрлері
1 күнге (теңгеде) біржолғы талонның құны
1
Тұқымдар сонымен қатар отырғызатын өскіндер сату (көшеттер, өскіндер) стационарлық орындардан басқа
76
2
Бақша өнімдерін стационарлық орындардан басқа жерлерде сату
411
3
Жеке тракторлар иелерінің жер учаскелерін өңдеу жөнінде қызмет көрсету
515
4
Стационарлық орындардан басқа жерлерде саяжайларда, үй ауласында жас гүлдерді сату
180
5
Стационарлық орындардан басқа жерлерде қосалқы шаруашылық, бау–бақша, саяжай өнімдерін сату
96
6
Монша сыпырғыштарын сату
140
7
Аула сыпырғыштарын сату
190
8
Балды сату
500
9
Балықтарды сату
240
10
Ірі қара мал бағу, бір бас үшін
2,25
11
Жылқыларды бағу, бір бас үшін
3,22
12
Қойларды бағу, бір бас үшін
0,48

  Қосымша № 3
аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 14 наурыздағы № 13/3
шешіміне

Мамлют ауданы бойынша кәсіпкерлік қызмет түрлері бойынша қызметі аракідік сипаттағы тұлғалар үшін бір күнге біржолғы талондардың құны

      Ескерту. 3-қосымша алынып тасталынды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2012.08.06 N 5/4 Шешімімен

  Қосымша № 4
аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 14 наурыздағы № 13/3
шешіміне

Айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салық ставкалары

Салық салу объектісінің атауы
Тіркелген салықтың ай сайынғы ставка
мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
 
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
 
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер
 
Ойын жолы
 
Карт
 
Бильярд үстелі
 

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады