Андреев ауылдық округінің елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне ат қою туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Андреев селолық округі әкімінің 2009 жылғы 10 қазандағы N 2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 18 қарашада N 13-10-90 тіркелді.

      Ескерту. Барлық мәтін бойынша "селолық", "селосы" сөздері "ауылдық", "ауылы" сөздерімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Андреев ауылдық округі әкімінің 20.06.2018 № 05 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 Заңының 35, 37-баптарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылдың 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабына сәйкес және округ тұрғындарының пікірін еске ала отырып ШЕШІМ қабылдаймын:

      1. Андреев ауылдық округінің елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне қосымшаға байланысты ат берілсін.

      2. Осы шешім алғаш рет жарияланған күнтүзбелік 10 күннен кейін күшіне кіреді.

      Ауылдық округтің әкімі Б. Жұмағұлов

  Андреев ауылдық округ әкімінің 2009 ж. 10 қазандағы № 2 шешіміне № 1-қосымша

Андреев ауылдық округінің елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне ат қою туралы

      I. Андреевка ауылы

      1. 50-лет Казахстан көшесі

      2. Школьная көшес

      3. Молодежная көшесі

      4. Целинная көшесі

      5. Студенческая көшесі

      6. Степная көшесі

      II. Бостандык ауылы

      1. "Мектеп" көшесі

      2. "Жастар" көшесі

      3. "Ақ орда" көшесі

      4. "Шаңырақ" көшесі

      III. Владимировка ауылы

      1. Школьная көшесі

      2. Озерная көшесі

      3. Степная көшесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады