Тайынша ауданы бойынша жер салық ставкаларын жоғарылату туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы N 100 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 10 наурызда N 13-11-140 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2013 жылғы 15 мамырдағы N 104 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 15.05.2013 шешімімен

       «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодекстің 387-бабы 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес және Тайынша ауданының жерлерін аймақтарға бөлу сызбасының (схемасының) негізінде аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Тайынша аудандық мәслихатының 2009.10.23 N 154 Шешімімен
      1. Жер салығының ставкалары 378, 379, 381, 383 бабтармен белгіленген жер салығының базалық ставкаларынан 50 пайызға жерлердің келесі санаттары бойынша жоғарылатылсын:
      1) ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге;
      2) жеке тұлғаларға берілген ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге;
      3) елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда);
      4) елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне.
      2. «Тайынша ауданы бойынша жер салық ставкаларын жоғарылату туралы» (2007 жылғы 16 мамырдағы номативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізіліміндегі тіркеу нөмірі № 13-11-89, «Тайынша таңы» және «Тайыншинские вести» газеттерінде 2007 жылдың 15 маусымында жарияланған) аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 11 сәуірдегі № 204 шешімнің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                              А. Рафальский
      Аудандық мәслихаттың хатшысы                  Қ. Ысқақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады