Шал ақын ауданы Семипол селолық округінің Балуан селосының құрамдас бөліктеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Семипол селолық округі әкімінің 2009 жылғы 2 желтоқсандағы N 15 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 14 қаңтарда N 13-14-90 тіркелді.

      Ескерту. Шешiмнің мемлекеттік тілдегі деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "селосы", "селолық", "селосының" сөздері тиісінше "ауылы", "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің 15.01.2021 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 Заңы 35-бабы 2-тармағына, 37-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Балуан селосы азаматтарының қоғамдық кеңесінің шешімін есепке ала отырып, ШЕШІМ қабылдаймын:

      1. Шал ақын ауданы Семипол ауылдық округінің Балуан ауылының құрамдас бөліктеріне қосымшаға сәйкес атау берілсін.

      2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн аяқталғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі А. Ақышева

  Ауылдық округ әкімінің
2009 жылғы 2 желтоқсандағы № 15
шешіміне қосымша

Шал ақын ауданы Семипол ауылдық округінің атау берілген Балуан ауылының құрамдас бөліктерінің тізбесі

      Бірінші көшеге – Сейтен Сауытбеков атындағы;

      Екінші көшеге – Жеңіс;

      Үшінші көшеге – Орталық;

      Төртінші көшеге – Абай Құнанбаев атындағы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады