Атырау облысында жастар тәжірибесін ұйымдастыру және қаржыландыру туралы

Күшін жойған

Атырау облыстық әкімиятының 2009 жылғы 26 маусымдағы № 154 қаулысы. Атырау облыстық Әділет департаментінде 2009 жылғы 4 тамызда № 2549 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облыстық әкімиятының 2012 жылғы 9 шілдедегі № 212 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық әкімиятының 2012.07.09 № 212 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына,Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына,Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 "Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының 2009 жылғы  6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарының (Жол картасы) 1 тармағының 1.5 тармақшасына, Атырау облысы әкімиятының 2008 жылғы 11 қаңтардағы N 4 "Атырау облысының халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" қаулысына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Атырау қаласы және аудандар әкімдері жастар тәжірибесін ұйымдастыруға бөлінген қаражаттың уақтылы және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етсін.
      2. Атырау облысында жастар тәжірибесін ұйымдастыру және қаржыландыруда мыналар:
      1) Атырау қаласы және аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жастар тәжірибесін ұйымдастыру бойынша уәкілетті органдар (бұдан әрі – уәкілетті органдар) болып табылады;
      2) уәкілетті органдар жергілікті бюджет қаражаты есебінен олардың шығынын өтеу арқылы жастар тәжірибесін ұйымдастыруға жұмыс берушілермен шарттар жасасады деп белгіленсін.
      3. Уәкілетті органдар жастарды жұмыспен қамту саласында өңірлік еңбек нарығында қалыптасқан жағдайды талдау негізінде жастар тәжірибесін өткізуді ұйымдастырады.
      4. Жастар тәжірибесін ұйымдастыру кезінде:
      1) уәкілетті органда тіркелген жұмыссыз жастардың саны және жұмыссыздардың жалпы санындағы оның үлесі;
      2) ұзақ уақыт жұмыссыз жүрген жастар санының өсуі;
      3) жұмысқа орналастыру мүмкіншілігін төмендететін жұмыссыз жастардың жұмыс өтілі, алған мамандықтары бойынша дағдыларының болмауы;
      4) Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген басқа да шарттар ескеріледі.
      5. Уәкілетті органдар жастар тәжірибесіне қатысушылардың қабылдау мүмкіндігі мен өндірісті кеңейту, алға қарай дамуда болашағы бар қаржылық-экономикалық тұрғыдан тұрақты кәсіпорындар туралы ақпараттарды жинау бойынша жұмыс жүргізеді. Сонымен қатар уәкілетті органдар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жастар тәжірибесін өткізу мен ұйымдастырудың негізгі шарттары туралы хабарлайды.
      6. Уәкілетті органдар кәсіпорындар туралы жиналған ақпараттарды талдау және қорыту негізінде жастар тәжірибесіне қатысу үшін  жұмыссыз жастарға іріктеу жүргізеді. Кандидаттарды іріктеу кезінде келесідей өлшемдер:
      1. уәкілетті органда жұмыссыз есебінде тіркелуі;
      1) жоғары оқу орнының, колледж немесе кәсіптік лицейдің түлегі болуы;
      2) жастар тәжірибесін ұйымдастыру кезінде уәкілетті органның мәліметі бойынша олар үшін қолайлы жұмыстың болмауы есепке алынады.
      7. Жұмыссыздардың жастар тәжірибесіне қатысуына жастар тәжірибесі басталған сәттен бастап рұқсат етіледі және жұмыссыз есебінде тіркелген күніне сәйкес кезектілік ретімен жүзеге асырылады.
      8. Уәкілетті органдар жергілікті атқарушы органдармен және жастарды жұмысқа орналастыруға мүдделі басқа ұйымдармен (келісім бойынша) бірлесіп жастар тәжірибесін өткізуді ұйымдастырады.
      9. Уәкілетті органдар жастар тәжірибесіне жұмыссыздарды қабылдауға келісім берген жұмыс берушілермен шарттар жасасады. Шарт алты айға дейінгі мерзімге жасалады.
      10. Уәкілетті органдар жастар тәжірибесі қатысушыларымен (бұдан әрі - қатысушылар) еңбек шартын жасасады.
      11. Жастар тәжірибесі аяқталғаннан кейін тұрақты немесе уақытша жұмыс орнына орналаспаған қатысушылар жұмыссыз ретінде уәкілетті органдарда есепте тұруды жалғастырады.
      12. Қатысушылардың еңбегіне ақы төлеуді уәкілетті органдар жасалған еңбек шарттары негізінде іс жүзінде жасаған жұмыс уақыты үшін олардың дербес шоттарына қаражат аудару арқылы жүргізеді. Жергілікті бюджеттерден бір қатысушыға орташа айлық аударымдар 20 000 теңгені құрайды.
      Ескерту. 12 тармаққа өзгерту енгізілді - Атырау облыстық әкімиятының 2010.08.02 N 161 қаулысымен.
      13. Облыс әкімиятының 2009 жылғы 13 мамырдағы N 121 "Атырау облысында жастар тәжірибесін ұйымдастыру және қаржыландыру ережесін бекіту туралы" қаулысы жойылсын.
      14. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ. Аманғалиевқа жүктелсін.
      15. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2009 жылғы 1 маусымынан бастап туындаған қатынастарға таралады.

      Облыс әкімі                    Б. Рысқалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады