Майкөмген селосы мен Аққұдық елді мекеніндегі көшелерге атау беру туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Жылыой ауданы Майкөмген селолық округі әкімінің 2009 жылғы 5 қазандағы N 11 шешімі. Жылыой аудандық әділет департаментінде 2009 жылғы 20 қазанда N 4-2-130 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой ауданы Майкөмген селолық округі әкімінің 2010 жылғы 24 маусымдағы N 8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой ауданы Майкөмген селолық округі әкімінің 24.06.2010 N 8 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағына және облыс әкімиятының 2009 жылғы 7 шілдедегі № 162 "Атырау облысының елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атауын, жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік номерлер беру талаптарын белгілеу қағидасын бекіту туралы" қаулысы мен аудандық ономастикалық комиссиясының 2009 жылғы 21 қыркүйектегі № 7 шешіміне сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Майкөмген селолық округінің Майкөмген селосы мен Аққұдық елді мекеніндегі көшелерге төмендегі елге танымал адамдар мен жер-су аттары берілсін. Майкөмген селосы бойынша:
      № 1 – Қуанғали Қуатбаев көшесі;
      № 2 – Тобанияз Әлниязұлы көшесі;
      № 3 – Сүйінғара Үргенішбайұлы көшесі;
      № 4 – Досан батыр көшесі;
      № 5 – Ақтан Керейұлы көшесі;
      № 6 – Айнымас көшесі;
      № 7 – Қарашүңгіл көшесі;
      № 8 – Қисымбай көшесі;
      № 9 – Төлес көшесі;
      № 10 - Үркер көшесі;
      № 11 – Әділет көшесі;
      № 12 – Даңқ көшесі;
      № 13 – Муса Баймұқанов көшесі;
      № 14 – Қайырғали Смағұлов көшесі.
      Аққұдық елді мекеніндегі 1 көше бойынша: Аққайнар көшесі.
      2. Осы көше тұрғындарына көшені ауылдағы үлгілі көшеге айналдыру, көше тәртібі мен тазалығын сақтау ұсынылсын.
      3. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
      Селолық округінің әкімі А. Ідірісов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады