Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 22 қаңтардағы N 36 "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Махамбет аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 111 шешімі. Атырау облысы Әділет департаменті Махамбет ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 6 мамырда 4-3-115 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Респуликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28-бабына сай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 22 қаңтардағы № 36 "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету туралы" шешіміне аудандық әкімдіктің 2009 жылғы 4 ақпандағы № 51 қаулысымен берілген ұсынысына сай мынандай өзгерістер енгізілсін (Мемлекеттік тіркеу тізіміне 2008 жылдың 25 ақпанындағы № 4-3-86 санымен енгізіліп, аудандық "Жайық шұғыласы" газетінің 2008 жылғы 23 наурыздағы № 12 санында жарияланған):
      1) Осы шешімнің 1-қосымшасында:
      2-бөлімде:
      9-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:
      "9. Тұрғын үй көмегі отбасының өткен тоқсандағы тұрғын үй ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтыну (сумен, электрмен, газбен, көмірмен, ағаш отынмен, жылумен қамтамасыз ету, қоқыс шығару, байланыс телефонының абонеттік төлемі) шығындары, сол тоқсандағы отбасының жиынтық табысының 5 пайызы мөлшерінен асқан жағдайда немесе есептеген нақты шығынның 90 пайызынан артық емес мөлшерде төленеді.";
      10-тармақ және 12-тармақтың 2-абзацы алып тасталсын;
      3-бөлімде:
      20-тармақ алып тасталсын;
      21-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:
      "21. Жиындық табысты есептеген кезде отбасының тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдыңғы тоқсандағы алынған мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, бала тууға байланысты берілетін бір жолғы меммлекеттік жәрдемақы, жерлеуге берілетін бір жолғы жәрдемақы, тұрғын үй жәрдемақысы және қосалқы шаруашылықтан түсетін кірістерді қоспағанда, отбасының барлық мүшелерінің нақты еңбек ақы түріндегі алатын табыстары, мемлекеттік және мемлекеттік емес зейнетақысы мен басқа да әлеуметтік көмек түрлері (жәрдемақы, өтемақы), балалар мен асырауындағы басқа тұлғаларға алынатын алименттер, ақшалай және заттай түрінде алынған ұтыстар енеді.".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудандық мәслихаттың "Заңдылықты сақтау, құқық тәртібі, әлеуметтік сала және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссияға (Н. Ерғалиев) жүктелсін.

      Аудандық мәслихаттың кезекті     
      13-сессиясының төрағасы          Г. Қайырғалиева

      Аудандық мәслихат хатшысы        А. Құрманбаев 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады