Селолық көшеге атау беру туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Махамбет ауданы Есбол селолық округі әкімінің 2009 жылғы 15 қыркүйектегі N 18 шешімі. Атырау облысы Әділет департаменті Махамбет ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 20 қазанда N 4-3-129 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы әкімінің 2010 жылғы 27 қазандағы № 33 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Атырау облысы Махамбет ауданы әкімінің 27.10.2010 № 33 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына және аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2009 жылғы 21 тамыздағы қорытындысына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Селолық округке қарасты "Еңбекшіл" селосындағы 1 (бірінші) көшеге қазақтың тарихында елеулі орын алатын қоғам қайраткері, мемлекеттік тұлға Мұстафа Шоқай есімі берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
      Селолық округ әкімі С. Жайлашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады