Индер ауданы аумағында тұратын 1982-1991 жылдары туылған ер азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Индер аудандық әкімиятының 2009 жылғы 13 мамырдағы N 115 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаменті Индер ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 8 маусымда N 4-6-83 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабын, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19, 20, 23 баптарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 779 Жарлығын және  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі N 543 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан- желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 779 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысын іске асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шақыру күніне 18 жастан 27 жасқа дейінгі, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.

      2. Ер азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруға басшылық ету және бақылау үшін аудандық комиссияның құрамы бекітілсін (1 қосымша).

      3. 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарды байқаудан өткізетін дәрігерлік комиссияның негізгі және қосалқы құрамы бекітілсін (2 қосымша).

      4. Аудан аумағында тұратын шақыруға жататын азаматтардың шақыру комиссиясынан өту кестелері бекітілсін (3, 4 қосымшалар).

      5. Аудандық емханаға (А. Доспаева) (келісім бойынша), аудандық орталық ауруханаға (Е. Сабыров) (келісім бойынша):
      1) әскер қатарына шақырылатындардың денсаулығын медициналық куәландыру, дәрігерлік комиссияны қажетті маман медбикелермен толықтыру;
      2) шақыру комиссияның жұмысы кезінде қажет болған жағдайда маман-дәрігерлерді облыстық денсаулық сақтау Департаменті арқылы алдырту;
      3) дәрігер мамандарды, медбикелерді негізгі жұмыс орнын сақтай отырып босату;
      4) дәрігер мамандарды қажетті медициналық құралдармен, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету;
      5) шақыру комиссиясы уақытында емделуге жіберілген азаматтардың аудандық ауруханада дер кезінде емделіп,сауықтырылуын қамтамасыз ету;
      6) шақыруға жататын азаматтарды уақытында сапалы флюорографиялық тексеру және жалпы анализдерін, қан құрамын анықтап белгілеу және жүректің электрокардиограммасын жазу ұсынылсын.

      6. Округтер әкімдеріне тиісті әкімінің аппаратынан өкіл бөле отырып, шақырылған азаматтарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру пунктіне жеткізуді және шақырудан жалтарған азаматтарды жергілікті учаскелік полиция қызметкері арқылы шығаруды қамтамасыз ету міндеттелсін.

      7. Аудандық ішкі істер бөліміне (Б. Қапаров) 2009 жылғы көктемгі және күзгі шақыру уақыты аралығында шақыруға келмегендерді іздестіріп жеткізу, шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және шақырылғандар командасын облыс орталығына жеткізу үшін арнайы полиция қызметкерлерін бөлу ұсынылсын (келісім бойынша).

      8. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Г. Суйеуова) мерзімді әскери қызметке шақырылғандармен сапалы жұмыс жүргізуді қамтамасыз ету үшін сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында ақылы қоғамдық жұмыс есебінен техникалық қызметкерлер бөлу тапсырылсын.

      9. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге (Ж. Сұлтанғалиев) тендерден өткен жолаушылар тасымалдаушы жеке кәсіпкермен келісім-шарт жасап, 2009 жылдың көктемінде және күзінде мерзімді әскери қызметке шақыру қорытындысы туралы аудан әкімінің аппаратына хабарлама дайындау ұсынылсын (келісім бойынша).
      10. Аудандық қаржы бөліміне (Г. Қонасова) Қазақстан  Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 44 бабына сәйкес қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру пунктіне қажетті дәрі-дәрмектерге, медициналық құрал-жабдықтарға, іс-қағаздарына тазалық жұмыстарына және шақырылушыларды тасымалдау үшін қаржы аудару міндеттелсін.

      11. Осы қаулының орындалысын бақылауда ұстау аудан әкімінің орынбасары Д. Меңдігереевке жүктелсін.

      12. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң  қолданысқа енгізіледі.  

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы        Д. Меңдігереев
 
Келісілді:

Аудандық орталық аурухананың       Аудандық емхананың бас дәрігері
бас дәрігері
_______________ Е. Сабыров         _______________ А. Доспаева
"____" _____________ 2009 ж.       "____" ______________ 2009 ж.

Индер аудандық қорғаныс істері     Аудандық ішкі істер бөлімінің
жөніндегі бөлімнің бастығы:        бастығы:              _______________ Ж. Сұлтанғалиев    _______________ Б. Қапаров
"____" _____________ 2009 ж.       "____" ______________ 2009 ж.

      Аудан әкімдігінің
                2009 жылғы 13 мамырдағы
115 қаулысына 1 қосымша

      Аудандық шақыру комиссиясының құрамы:

Сұлтанғалиев Жамбыл - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім Байтұрсынұлы          бастығы,тіркеу комиссиясының төрағасы
                      (келісім бойынша);       

Сұлтаниязов Абзал   - аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадрмен
Еркінғалиұлы          жұмыс және мемлекеттік құқық бөлімінің бас
                      маман-заңгері, комиссия төрағасының орынбасары;

Комиссия мүшелері: 

Шманов Самат        - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының қызмет
Тастанович            бабындағы орынбасары (келісім бойынша);

Доспаева Анар       - аудандық емхананың бас дәрігері, дәрігерлік
Хамидоллақызы         комиссияның төрайымы (келісім бойынша); 

Гильманова Роза     - медбике, комиссия хатшысы (келісім бойынша).

                                              Аудан әкімдігінің 
                2009 жылғы 13 мамырдағы
N 115 қаулысына 2 қосымша

2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарды байқаудан өткізетін дәрігерлік комиссияның негізгі және қосалқы құрамы

Дәрігерлік комиссияның төрайымы - Доспаева Анар Хамидоллаевна
 

N

Мамандығы

Негізгі

Қосалқы

1

2

3

4

5

6

7.

8

9

10

11

12

13

14

Хирург

Терапевт

Кардиолог

Отоларинголог

Окулист

Невропатолог

Психиатр

Стоматолог

Фтизиатр

Рентгенолог

Дерматолог

Медбике

Медбике

Медбике

Сапиев Қаршыға

Есқалиева Жанар

Тұнғатарова Айман

Доспаева Анар

Құсайынова Анар

Ермекқалиева Айжан

Бакенова Ханбибі

Жасақбаева Тамара

Кетебаев Сапарғали

Кетебаев Сапарғали

Қаражанова Күляш

Мұқаналиева Жаңылсын

Имангазиева Марал

Ысқақова Дариға


Таудаев Қайыржан
 
Аманова Таған

   Аудан әкімдігінің
                2009 жылғы 13 мамырдағы
N 115 қаулысына 3 қосымша

Аудан аумағында тұратын шақыруға жататын азаматтардың
шақыру комиссиясынан өту кестесі

N

Округтер

мау
сым

мау
сым

шіл
де

шіл
де

шіл
де

шіл
де

шіл
де

шіл
де

шіл
де

шіл
де

1

Көктоғай
селолық
округі

Х









Х

2

Өрлік селолық
округі


Х








Х

3

Есбол селолық
округі



Х







Х

4

Есбол селолық
округі




Х






Х

5

Елтай селолық
округі





Х





Х

6

Жарсуат
ауылдық
округі






Х




Х

7

Бөдене
ауылдық
округі







Х



Х

8

Индербор
поселкесі








Х


Х

9

Индербор
поселкесі









Х

Х

10

Қосалқы күн










Х

 Аудан әкімдігінің  
                2009 жылғы 13 мамырдағы
N 115 қаулысына 4 қосымша

Аудан аумағында тұратын шақыруға жататын азаматтардың
шақыру комиссиясынан өту кестесі

N

Округтер

қа
зан

қа
зан

қа
зан

қа
зан

қа
зан

қа
зан

қа
зан

қа
зан

қа
зан

қа
зан

1

Көктоғай
селолық
округі

Х









Х

2

Өрлік селолық
округі


Х








Х

3

Есбол селолық
округі



Х







Х

4

Есбол селолық
округі




Х






Х

5

Елтай селолық
округі





Х





Х

6

Жарсуат
ауылдық
округі






Х




Х

7

Бөдене
ауылдық
округі







Х



Х

8

Индербор
поселкесі








Х


Х

9

Индербор
поселкесі









Х

Х

10

Қосалқы күн










Х

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады