Жарсуат ауылдық округінде қарасан ауруына қарсы карантин қою туралы

Жаңа

Атырау облысы Индер аудандық әкімиятының 2009 жылғы 12 қарашадағы N 268 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаменті Индер ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 11 желтоқсанда N 4-6-91 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін -өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Облыстық зертхананың 10 қараша 2009 жылғы № 72 сараптау актісінде көрсетілгендей қарасан ауруының қоздырғышы табылуына байланысты Жарсуат селолық округі таза емес деп жарияланып, карантин қойылсын.
      2. Жарсуат ауылдық округінде қарасан ауруының алдын–алу шаралары мақсатында Жарсуат ауылдық округінің әкіміне және аудандық аумақтық инспекциясына (келісім бойынша) төмендегі шараларды іске асыру тапсырылсын:
      1) мал қорамдарының санитарлық жағдайын жақсарту және оны      қоршау жұмыстарын жүргізу. Қарасаннан өлген мал көмілген жерлердің топырағын залалсыздандыру;
      2) балшықтанған жайылымдарды және шөп шабатын жерлерді құрғату;
      3) суаттарды қалпына келтіру, мал су ішетін зақымданған, немесе күдікті суаттарды жабу;
      4) мал союға, еріксізден сойылған мал етін және өнімдерін ветеринариялық маманның рұқсатынсыз сатуға тыйым салу;
      5) өлген мал жатқан, ауру мал тұрған жерді, бөлмелерді, ауланы тазалау және дезинфекциялау;
      6) 3 айдан 4 жас аралығындағы ірі қара малды қарасанға қарсы вакцинамен егу;
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Сәрсенғалиевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он           күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі            Ж. Рахметқалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады