Ганюшкин селолық округіне қарасты кейбір көшелерге және шағын елді мекендерге көше атауларын беру туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ганюшкин селолық округі әкімінің 2009 жылғы 15 қазандағы N 128 шешімі. Атырау облысы Әділет департаменті Құрманғазы ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 13 қарашада N 4-8-168 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ганюшкин селолық округі әкімінің 2010 жылғы 22 қазандағы N 77 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ганюшкин селолық округі әкімінің 2010.10.22 N 77 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағы негізінде, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағын басшылыққа алып, аудандық ономастикалық комиссиясының 2009 жылғы 15 қазандағы № 17 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Ганюшкин селолық округіне қарасты, Спортивная көшесін - Егеменді Қазақстан, Механизатор көшесін - Құрылысшы, Ескі Аэропорт шағын елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге – жолдың оң жақ бетіне Керуен және жолдың сол жақ бетіне Нұрлы, Тәжібай шағын елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Жерұйық, Сазтүбек шағын елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Наркескен, Жапырық шағын елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Ақансері, Кадырка шағын елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Темірқазық, Байтарал шағын елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Шаттық, Үлкен Кресті шағын елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Өркениет атаулары берілсін.
      2. Шешім әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан бастап күнтізбелік он күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Округ әкімі            А. Тәжібаев
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады