Біржолғы талондар құны туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2009 жылғы 20 ақпандағы N 18/184-4с шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 24 наурызда N 14-1-90 тіркелді. Күші жойылды - Шымкент қалалық мәслихатының 2009 жылғы 20 ақпандағы № 18/184-4с Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шымкент қалалық мәслихатының 2009.02.20 № 18/184-4с Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 36-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда) жеке тұлғалар үшін және Шымкент қаласының базарларында (базар аумағындағы дүңгіршіктердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда), тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондар құны 1 және 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. "Біржолғы талондар құны туралы" қалалық мәслихаттың 2007 жылдың 22 қазандағы N 4/22-4с шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 14-1-62 тіркелген, 2007 жылдың 2 қарашасында "Шымкент келбеті", "Панорама Шымкента" газеттерінде жарияланған) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жойды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткенде қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтарынан бастап күші жойылады.

      Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы      Л. Бектұров

      Қалалық мәслихат хатшысы                   Н. Джарболов

Шымкент қалалық мәслихатының
2009 жылғы 20 ақпандағы
N 18/184-4с шешіміне 1-қосымша

      Шымкент қаласы бойынша қызметі дүркін-дүркін
сипатта болатын жеке тұлғалар үшін біржолғы талондар құны

N р/с


Біржолғы талон құны
(теңге)

1.

Сату (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын
қызметтерді қоспағанда):



1)

газеттер мен журналдар

100

2)

тұқым, сондай-ақ отырғызылатын материал (екпелер, көшет)

100

3)

бақша дақылдарын

200

4)

саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдерді

50

5)

ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшашылық және саяжай учаскелерінің өнімдерін

100

6)

жануарлар мен құстардың жемдерін

120

7)

сыпыртқылар, сыпырғылар, орман жидегін, бал, саңырауқұлақ және балық

120

2.

Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке трактор иелерінің көрсететін қызметін

300

3.

Үй жануарлары мен құстарын бағу

100

Шымкент қалалық мәслихатының
2009 жылғы 20 ақпандағы
N 18/184-4с шешіміне 2-қосымша

       Шымкент қаласының базарларында тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар үшін біржолғы талондар құны  

N р/с

Тауар, жұмыс және қызмет атаулары

Әр сатушының алатын сауда алаңы

Біржолғы талон құны
(теңге)

1.

Базарлар аумағындағы (дүңгіршіктердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда) сату:



1)

ұн, нан және нан тағамдары, кондитерлік тағамдары

1 шаршы метрден

100

2)

ет және ет өнімдері

1 шаршы метрден

200

3)

сүт және сүт өнімдері

1 шаршы метрден

100

4)

көкөніс, жеміс-жидектер

1 шаршы метрге дейін

100

5)

құрғақ жемістер, бал

2 шаршы метрге дейін

300

6)

киімдер, мата, бас киімдер, аяқ киімдер, теріден жасалған бұйымдар

2 шаршы метрге дейін

200

7)

аудио-видеоаппаратуралар

2 шаршы метрге дейін

200

8)

кеңсе тауарлары, парфюмерия

1 шаршы метрден

150

9)

жеңіл автокөліктер

1 кіріп шыққанына

300

10)

автобустар

1 кіріп шыққанына

400

11)

мото-велотехникасы

1 кіріп шыққанына

250

12)

ірі қара мал, жылқы, түйе

1 бас

200

13)

қой, саулық, ешкі, қозы

1 бас

150

14)

құс және үй жануарлары

1 шаршы метрден

150

15)

жем, шөп

2 шаршы метрге дейін

200

16)

құрылыс материалдары

3 шаршы метрге дейін

250

17)

гүлдер

1 шаршы метрден

150

18)

аяқ киім тігу, жөндеу және тұрмыстық қызметтер

2 шаршы метрге дейін

100

19)

ұсақ-түйек тауарлар

1 шаршы метрден

100

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады