Түркістан қаласында жануарларды ұстау Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2009 жылғы 30 маусымдағы N 19/152-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 7 мамызда N 14-4-71 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2010 жылғы 14 қыркүйектегі № 37/252-IV шешімімен

       Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2010.09.14 № 37/252-IV шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзін басқару туралы" 6 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағына сәйкес және қала әкімінің 17.06.2009 жылғы N 206/1246 ұсыныс хатын оқып талқылап, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Бекітуге ұсынылған "Түркістан қаласында жануарларды ұстау Қағидасы" бекітілсін. (қағида қоса тіркеледі)
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.     

      Қалалық мәслихаттың кезекті
      он тоғызыншы сессиясының төрағасы          Т. Ибраев   

      Қалалық мәслихат хатшысы                   Ғ. Рысбеков      

      Түркістан қалалық мәслихатының
      2009 жылғы 30 маусымдағы
      N 19/152-ІV шешімімен бекітілген

Түркістан қаласында жануарларды ұстау туралы
      ҚАҒИДАСЫ

      1. Жалпы ережелер.

      1. Түркістан қаласында жануарларды ұстау Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, қала тұрғындарын адамдар мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау, сондай-ақ бірге тұруға қолайлы жағдай жасау мақсатында әзірленді.
      2. Осы Қағидада белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік бақылауды мемлекеттік санитарлық–эпидемиологиялық қадағалау, қалалық аумақтық инспекциясы, қалалық коммуналдық-шаруашылық және ауыл шаруашылығы бөлімдері қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырады.
      3. Осы Қағиданың талаптары меншік түріне және ведомствалық бағыныстығына қарамастан, Түркістан қаласының аумағында орналасқан жеке және басқадай меншігіндегі жануары бар жеке және заңды тұлғаларға, барлық жануар иелеріне таралады.    

      2. Иттер мен мысықтарды ұстау.

      4. Санитарлық–гигиеналық, зоогигиеналық талаптар мен осы Қағиданың талаптарын орындаған жағдайда мыналарға рұқсат беріледі:
      1)көп пәтерлі тұрғын үйдегі бір отбасы пәтерінде екі итті ірі және орта тұқымды және екі мысықты үш айлық ұрпақтарымен қоса ұстауға;
      2) жасы екі айдан асқан күшіктер мен мысықтар жаңа иелеріне немесе қаңғыбас жануарларды аулаумен шұғылданатын мекемеге берілуі тиіс;
      3) бірнеше жанұялар тұратын тұрғын жайда (коммуналды пәтер), тек өзінің жанұясы тұратын жайында барлық пәтерде тұрушылардың жазбаша келісімі бойынша ит пен екі мысықты тек өзі тұратын тұрғын жайда ұстауға;
      4) жеке тұрғын үйлерде, ғимараттарда және оған іргелес аумақта, осы аумақтың иелерінің рұқсатымен ғана немесе басқа құқық иелерінің рұқсатымен екіден беске дейін иттер мен мысықтарды ұстауға болады. Күзетші иттер жақсы қоршалған аумақтарда, қоршаулар жануардың адамдарға және басқа жануарларға шабуылдауын, өтіп бара жатқан адамдарды қауып алу мүмкіндігін, қоршаудан шығып кетуін болдырмайтындай болу керек. Аулада иттің бар екенін ескертетін көлемі 20х30 см тақтайшаға иттің суреті салынып "ит күзетеді!", "Охраняется собакой!" деген ескерту жазу жазылып, кіретін жерге ілінуі керек;
      5) егер жануарларды ұстау жағдайы зоогигиеналық және санитарлық – гигиеналық нормаларға сәйкес келсе жеке тұрғын үйлерде екі иттен бес итке дейін ұстауға;
      6) балалар мен жасөспірімдер мекемелерінің "жанды бұрыштарында", "зоологиялық бұрыштарында" жазғы және қысқы демалу, денсаулықты жақсарту санаториялық–курорттық мекемелерде (шипажайларда, демалыс үйлерінде, пансионаттарда) тек санитарлық эпидемиологиялық, ветеринарлық қызметтердің рұқсатымен иттер мен мысықтарды ұстауға;
      7) қонақ үйде иесінің итпен және мысықпен қоныстануы санитарлық – гигиеналық ережелерді сақтаған жағдайда қонақ үй әкімшілігінің келісімімен жүргізіледі;
      8) кәсіпорындардың, ұжымдардың, мекемелердің, азаматтардың коммерциялық емес бағбандық және және саяжайлық бірлестіктерінде, демалыс базаларында иттерді байлаулы және арнаулы вольерлерде, адамдарды мазаламайтын, айналасындағыларға қауіп төндірмейтін жағдайда, күзету мақсатында ұстауға.
      5. Мыналарға тиым салынады:
      1) тұрғын үй қоры пәтерлерінде және жеке тұрғын үйлерде қандай да болмасын иттер мен мысықтардың түрлері үшін паналау баспанасы мен питомниктер ұйымдастыруға;
      2)көпшілік пайдаланатын орындарда (асханаларда, дәліздерде, баспалдақтарда, жертөледе, шатырларда, лоджияларда, балкондарда және басқа да қосымша орынжайларда) үй жанындағы орындарда (жеке тұрғын үйлердің жанындағы орындардан басқа), жатақхананың дәліздерінде иттер мен мысықтарды ұстауға;
      3) көзі әлсіз көретін адамдарды алып жүретін иттерден басқа иттерді қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында, азық-түлік дүкендерінің сауда және өндірістік залдарында, қызмет көрсету орындарымен мәдениет мекемелерінде ұстауға;
      4) тіркелмеген (есепке алынбаған) және егуден өтпеген иттер мен мысықтарды ұстауға;
      5) иттер мен мысықтарды оның терісін пайдалануға, етін тұтынуға, өңдеу және сату үшін оларды ұстауға немесе аулауға;
      6) Түркістан қаласының аумағында иттерді таластыру және басқада жануарларға қатысты қатыгез іс–шаралар ұйымдастыруға және өткізуге.
      6. Азаматтарға, кәсіпорындарға, мекемелерге және ұйымдарға тиесілі иттер екі жасынан бастап, текті тұқымына қарамастан, өте қауіпті инфекциялық және инвазиялық ауруларға қарсы міндетті түрде ветеринарлық алдын алу бойынша тексеруге жатады.
      7. Мысықтар екі айлығынан бастап жануарлар мен адамдарға ортақ инфекциялық ауруларға, эпизоотиялық көрсеткіштер бойынша микроспорияға қарсы егу мен гельминтозия бойынша зерттеуге жатады.

3. Қараусыз иттер мен мысықтардың санын реттеу және аулау.

      8. Иттер мен мысықтардың санын реттеу - қараусыз қалған жануарлардың санын азайту, адамның өмірі мен денсаулығын қорғау, жануарлардың ауруын ескерту мақсатында жүзеге асырылады.
      9. Иттер мен мысықтардың санын реттеу азаматтардың денсаулығына, мүлкіне, заңды тұлғалардың мүлкіне, қоршаған ортаға зиян келтірмеу тәсілімен жүзеге асырылады.
      10. Иттер мен мысықтардың санын реттеу - оларды аулап, көзін жою арқылы жүзеге асырылады.
      11. Қоғамдық орындарға иесіз жүрген иттер мен мысықтар (көшелерде, саябақтарда, скверлерде және басқа орындарда) кәсіпорындар мен мекемелерде иесі байлап кеткен жануарлардан басқасы, қараусыз деп есептеледі және қаңғыбас жануарларды ұстайтын арнаулы мекеменің аулауына жатады.
      12. Қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды аулауды жергілікті атқарушы органмен шарт жасасқан, онда аулап көзін жоюдың тәртібі мен жағдайы келісіле отырып арнайы мекеме (бригада) жүзеге асырады.
      13. Қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды аулауға психоневрология диспансерінде есепте тұрмайтын, арнайы дайындалған адамдар жіберіледі.
      14. Ауланған қараусыз жүрген иттер мен мысықтардың көзі жойылып, қалалық малды көметін орындарда тасталып, залалсыздандырылады.

4. Иттерді серуендету тәртібі

      15. Иттерді серуендетуге рұқсат беріледі:
      1) иттердің тұмсығына тұмылдырық кигізілген (декоративтік тұқымды иттерден басқалары) және қысқа бауда (1,5 метрге дейін), айналасындағыларға кедергі келтірмей және мазаламайтын жағдайда;
      2) қоршалған аулаларда, арнайы үйрететін алаңдарда және осы мақсаттарға арналған еркін серуендету орындарында итті баусыз және тұмылдырықсыз серуендетуге.
      16. Иттерді серуендеуге тиым салынады:
      1) міндетті ветеринарлық алдын алу, тазалау шараларынан өткізілмесе;
      2) осы мақсаттар үшін рұқсат берілген немесе арнайы бөлінген орындардан басқа, тиым салу белгілері орнатылған, аулалардың балалар алаңдарында, қалалық шомылу орындарында, спорт алаңдарында, мектепке дейінгі және оқу орындарында, емдеу мекемелерінің аймақтарында, саябақтарда және қала тұрғындарының жаппай демалатын орындарында;
      3) мас күйіндегі адамдар мен 14 жасқа толмаған балаларға;
      4) дене күші жағдайы бойынша маңындағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайтын және 16 жасқа толмаған тұлғаларға иесінен ерекше жауапкершілікті талап ететін иттерді серуендетуге тиым салынады.
      17. Торапта көшелердің жанында және көшеден өтер кезде иттің иесі (итті серуендеуші адам) оны жол-көлік оқиғасын және иттің жол үстінде мерт болуын болдырмау үшін қысқа бауда ұстауы тиіс.
      18. Тұрғын үйлердің жанында иттерді серуендеуге шығарғанда, иттердің иелері түнгі сағат 23.00-ден таңғы сағат 07.00-ге дейін тыныштықты қамтамасыз етуі тиіс.
      19. Итті тұмылдырығымен және қысқа баулы шешіліп кетуін болдырмайтындай етіп байлап, оның иесі осы ғимараттың жайында болған уақытында, ғимараттың жанында қалдыруға болады, егер осы ретте басқа адамдарға, қоғамдық тәртіптің бұзылуы мен қозғалысқа және иттің өзіне қауіп туындамаған жағдайда. Осы ретте ит адамдардың өтуіне кедергі келтірмеуі тиіс.
      20. Ит қоғамдық орындарда тек қызметтік тапсырмаларды орындау кезінде ғана баусыз жүре алады.

5. Ауыл шаруашылық жануарларын ұстау тәртібі

      21. Ауыл шаруашылығы жануарларын қолданыстағы санитарлық нормаларға сәйкес тұрғын үйлерден, пәтерлерден, мектептерден, емдеу және балалар мекемелерінен, бақтардан, хайуанаттар бағынан, стадиондардан, қоғамдық тамақтану орындардан, сауда, жалпы демалатын шипажайлардан, жасанды су қоймаларынан, артизандық құдықтардан және өзен жағалауы мен оның жағасынан қашықтықта орналасқан арнаулы жабдықталған жабық орындарда ұстау керек.
      22. Жеке тұрғын үй иелерінде бір жанұя тұрған жағдайда, ветеринарлық санитарлық ережелерінің талаптарын сақтаған жағдайда, арнайы жабдықталған тұрақ жайда ауыл шаруашылығы жануарларын ұстауға рұқсат етіледі.
      23. Бір тұрғын үйде бірнеше жанұя тұрған жағдайда, сол үйде тұратын барлық көршілердің жазбаша келісімімен өзінің аумағында ветеринарлық-санитарлық ережелерінің талаптарын сақтаған жағдайда, арнайы жабдықталған тұрақ жайда ауыл шаруашылық жануарларын ұстауға болады.
      24. Экзотикалық жануарларды ұстау мен көбейту ветеринария саласындағы өкілетті мемлекеттік органның рұқсатымен жүзеге асырылады.
      25. Жануарларды ұстайтын орын жайлар механикалық түрде тазалануы және дезинфекциялануы тиіс. Нәжістер, саңғырықтар, азықтардың қалдықтары және қоқыстар өз уақытында арнаулы белгіленген орындарда шығару қажет.
      26. Ауыл шаруашылығы жануарларын айдағанда, жайғанда, серуендеткенде тұрғындардың қауіпсіздігіне жануар иелері жауап береді. Түркістан қаласының көшелерінде, алаңдарында, гүлзарларда, қоғамдық көпшілік пайдаланатын орындарда, ерекше қорғалатын табиғат аумақтарында жануарларды жаюға рұқсат етілмейді.
      27. Қаланың тұрғын үй қорының пәтерлерінде ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарды (ірі қаралар, қойлар, ешкілер, жылқылар, түйелер, шошқалар, маралдар мен бұғылар, тауықтар, үйректер, қаздар, күркетауықтар, бал аралар, мамық жүнді аңдар) ұстауға болмайды.
      28. Жануарларды ұстауды, көбейтуді және пайдалануды ветеринарлық ережелер мен нормативтерге сәйкес жүзеге асыру қажет.

6. Жануарларды сату, сатып алу және тасымалдау.

      29. Түркістан қаласында жануарлар жеке және мемлекеттік меншік нысанда болуы мүмкін.
      30. Жануарларды белгіленбеген жерлерде, сондай-ақ жануардың ветеринарлық анықтамасы мен құжаттарсыз сатуға тиым салынады.
      31. Жануарды сату және сатып алу, жануардың жасы 2,5-3 айға толған уақытынан, тиісті ветеринарлық құжаттамасы болған кезде жүзеге асырылады, ал жануар 2,5-3 айға толмаған кезде сатылса және ветеринарлық төлқұжаты болмаса, сатып алушыға күшіктің, мысық пен басқа жануардың денсаулығының жағдайы жайында анықтама беріледі.
      32. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, жануарларды жануарлар қоғамы (клубы) және питомниктер арқылы, зоодүкендерде және жануарлар сатылатын мамандандырылған базарларда сатуға, сатып алуға болады.
      33. Түркістан қаласының аумағына шет мемлекеттерден жануарлар алып келу, алып кету Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпті сақтай отырып өкілетті мемлекеттік органның рұқсаты болған жағдайда жүзеге асырылады.
      34. Қала аумағынан тыс жерге жануарларды тасымалдау (орын ауыстыру) және алып келу ветеринария саласындағы өкілетті мемлекеттік органның берген арнаулы үлгідегі ветеринарлық төлқұжаты мен жүргізілген вакцинасы мен денсаулығы туралы белгісі бар ветеринарлық куәлігі болған жағдайда жүзеге асырылады.
      35. Жануарларды әуе, теміржол және автомобиль көлігінде Түркістан қаласынан тысқары жаққа тасымалдау осы көліктердің түрлерінде жануарларды тасымалдау ережелері негізінде жүзеге асады. 

7. Түркістан қаласында жануарларды ұстау Қағиданың орындалуын бақылау

      36. Мемлекеттік ветеринарлық және санитарлық–эпидемиологиялық қадағалау органдары Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңына және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес:
      1) эпизоотикалық және эпидемиологиялық ауруларға қарсы шаралар жұмыстарын ұйымдастырады және бақылайды;
      2) жануарларды қаладан тыс шығарғанда оларға ветеринарлық куәлік береді;
      3) қараусыз жануарларды аулау жөніндегі қызметтерге олардың жұмысын ұйымдастыруға көмек көрсетеді;
      4) жануарлардың иелерінің ветеринарлық және санитарлық талаптардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
      5) адамдар мен жануарларға ортақ ауруларды ескерту мақсатында тұрғында арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
      6) осы Қағиданың талаптары сақталмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартады.
      37. Пәтер иелерінің кооперативі, тұрғын үй кооперативі, жеке жайлар иелері кооперативі, көше комитеттері:
      1) жануарды ұстаушы иелерінің есебін жүргізеді;
      2) өздеріне бекітілген аумақтарда немесе шағын ауданның аумағында құрылыстан бос іргелес жерлерде белгіленген тәртіппен тақтайша, белгі орната отырып иттерді серуендететін орындарды белгілейді;
      3) жануарларды аулаумен шұғылданатын мекемеге өз ауласындағы қараусыз жүрген жануарлар туралы хабар береді, ерікті түрде қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды аулауға қатысады;
      4) ветеринарлық қызмет мамандарына эпизоотиялық ауруларға қарсы шараларды өткізуге жәрдемдеседі;
      5) жануар иелерін жауапкершілікке тарту үшін Қағиданы бұзғаны туралы фактілерді өкілетті органдарға хабарлайды.

8. Жануарлар иелерінің осы Қағиданы сақталуына жауапкершілігі. 

      38. Жеке және заңды тұлғалар осы Қағиданың бекітілген талаптарын сақтамаған жағдайда, жануарлардың иелері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 310-311 баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
      39. Айыппұл салу немесе өзге шара қолдану кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен белгіленген тәртіпте шығынның орнын толтырудан босатпайды.
      40. Жануарлардың азаматтардың денсаулығына және мүліктеріне келтірілген зиян, заңнамада белгіленген тәртіпте жануарлар иелерінің есебінен өндіріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады