Қазығұрт ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 19 қантардағы N 34 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 29 қаңтарда N 14-6-66 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы N 683 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2011.05.20 N 683 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына сәйкес, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге мемлекеттік кепілдік беру жүйесін жүзеге асыру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2009 жылы жұмыссыздар үшін ұйымдастырылған ақылы қоғамдық жұмыстардың көлемі мен түрлері, кәсіпорындар мен ұйымдардың тізімі бекітілсін.
      2. Ақылы қоғамдық жұмыстарды жүргізу үшін "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (К.Шаймерден) бекітілген тізбеге сәйкес жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді, сонымен қатар еңбек түрі, мерзімі, жағдайы еңбек шартына сәйкес жүзеге асырсын.
      3. 2009 жылға белгіленген ең төменгі еңбекақыдан төмен емес айлық еңбекақы мөлшерінде ақылы қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыздардың еңбекақы төлемі осы кәсіпорындағы немесе ұйымдағы нақты орындалған жұмысқа аудандық бюджетте қарастырылған қаражат есебінен жүргізілсін.
      4. "Аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б.Қыстауов) қоғамдық жұмыстарға қамтылған жұмыссыздардың еңбекақысын төлеуге ақшалай қаражаттың уақытылы бөлінуін қамтамасыз етсін.
      5. Қазығұрт ауданы әкімдігінің 09 қаңтар 2008 жылғы N 01 "Қазығұрт ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысының (Қазығұрт ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 16 қаңтарда N 14-6-52 санымен тіркелген; 2008 жылғы 25 қаңтар N 5-6 "Қазығұрт тынысы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.Тағаеваға жүктелсін.
      7. Осы қаулы әділет органдарында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                      Н.Әжіметов

Аудан әкімдігінің 2009 жылғы
19 қаңтардағы N 34
қаулысымен бекітілген.

2009 жылға ұйымдастырылған ақылы қоғамдық жұмыстардың көлемі мен түрлері, кәсіпорындар мен ұйымдардың тізімі


N Р/с

Ұйымдардың тізбесі

Жұмыстардың түрлері

Жұмыспен қамтылғандардың саны, адам.

1

Аудан көлеміндегі ауыл округ әкімдерінің аппараттары

Аймақтық қоғамдық жұмыстарға жәрдем көрсету,"еңбек рыногі", "заңгер", "жұмыссыздардың жұмыс іздеу клубы" пилоттық жобалары бойынша жұмыстар.

55

2

Аудан көлеміндегі ауыл округ әкімдерінің аппараттары мен аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

Жолдар құрылысы және оларды ағымдағы жөндеуден өткізу, аймақтық қоғамдық жұмыстарға жәрдем көрсету. Көркейту, көгалдандыру.

45

3

Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Өгем филиалы, ауыл округтері, "Жасыл желек" мемлекеттік мекемесі.

Көгалдандыру, ағаштар отырғызу.

40

4

Аудан көлеміндегі ауыл округ әкімдерінің аппараттары мен аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім, және аудандық ішкі істер бөлімі.

Берілген өтінімдеріне сәйкес аудандық қорғаныс істері жөніндегі және ішкі істер бөлімдерінің жұмыстарына қатысу

25

5

Аудан көлеміндегі ауыл округ әкімдерінің аппараттары мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, мәдениет сарайы. мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Әлеуметтік, мәдени маңызы бар объектілердің тазалығына, ағымдағы жөндеуге, көркейтуге және аймақтық қоғамдық жұмыстарға көмек көрсету.

40

6

Аудан көлеміндегі ауыл округ әкімдерінің аппараттары, аудандық мемлекеттік көпсалалы коммуналдық шаруашылық кәсіпорыны.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық ұйымдарына көмек көрсету, Аймақтық экологиялық сауықтыру, көріктендіру, көгалдандыру.

65

7

Аудандық әділет басқармасы, халыққа қызмет көрсету орталығы,аудандық қоршаған ортаны қорғау бөлімі.

мекемелердің ағымдағы жөндеу жұмыстарына көмектесу, аймақтық қоғамдық жұмыстарға жәрдем көрсету.

25

8

Аудандық медицина бірлестігі, аудандық жер кадастр бөлімі

аймақтық қоғамдық жұмыстарға жәрдем көрсету.

17

9

Аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі, аудандық жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекемесі.

Қоғамдық ұйымдармен, қорлардың жұмыстарына көмектесу.

20

10

Аудандық білім бөлімі, Дене тәрбиесі және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесі, мектептер.

Спорт алаңдарын ретке келтіруге көмектесу, мектептердің ағымдағы жөндеу мен жазғы демалысты ұйымдастыру жұмыстарына жәрдемдесу.

45

11

Ауыл округтеріндегі селолық тұтыну кооперативтері

Елді мекендердегі санитарлық тазалық жұмыстарына жәрдем көрсету.

45

12

Аудандық мұрағат, аудандық "Қазығұрт тынысы" газеті ЖШС, "Бір жолғы талондарды беру орталығы" мемлекеттік мекемесі, "Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы" аудандық филиалы. Ауыл округтері әкімдерінің аппараттары.

Көркейту, көгалдандыру, мекемелердің ағымдағы жөндеу жұмыстарына көмектесу, аймақтық қоғамдық жұмыстарға жәрдем көрсету,.

30

13

Зейнет ақы төлем орталығы, аудандық құрылыс бөлімі

Аймақтық қоғамдық жұмыстарға жәрдем көрсету

18

14

"Ауыл" мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны, Қазығұрт аудандық аумақтық басқармасы. Қазығұрт аудан әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазығұрт аудандық саябақ мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны" 

Көркейту, көгалдандыру, мекемелердің ағымдағы жөндеу жұмыстарына көмектесу, аймақтық қоғамдық жұмыстарға жәрдем көрсету.

30


Барлығы


500

Ескерту:
      Іс жүзінде сұраныс пен ұсынысқа орай қоғамдық жұмыстардың кейбіріне қатысушылардың саны, қатысудың ұзақтығы, қоғамдық жұмыстардың түрлері және ұйымдардың тізбесі 2009 жылға арналған аудандық бюджетте қоғамдық жұмыстарды өткізуге қарастырылған қаражат шегінде өзгеруі мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады