Сарыағаш ауданы бойынша белгіленген жер салығының базалық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық мәслихат сессиясының 2009 жылғы 23 ақпандағы N 21-8-128 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 16 наурызда N 14-11-97 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық мәслихат сессиясының 2012 жылғы 27 тамыздағы N 9-63-V Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық мәслихат сессиясының 2012.08.27 N 9-63-V Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексінің 387 бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына және казиноға бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Кодексінің 378379381383-баптарында белгiленген жер салығының базалық ставкалары 50 пайызға жоғарылатылсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 2010.12.21 N 43-302-IV (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі және ресми жариялануға жатады) Шешімімен.
      2. Сарыағаш аудандық мәслихатының "Жер салығының ставкаларына түзетулер енгізу туралы" 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 27-8-6 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде N 835 тіркелген, 2003 жылғы 14 наурызында "Сарыағаш" газетінде жарияланған) күші 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап жойылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы     Ә.Тастанбеков 

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Б.Қаипов  

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады