Сарыағаш қаласындағы атауы жоқ көшеге Мамедалиев Мүсірәлі есімін беру туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы N 30-212-IV шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы N 1144 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 5 ақпанда N 14-11-117 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бап 5-1 тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 31 баптарына сәйкес және Сарыағаш қаласының Самал мөлтек ауданындағы атауы жоқ көше тұрғындарының пікірлерін ескере отырып Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШТІ және Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Сарыағаш қаласының Самал мөлтек ауданындағы атауы жоқ көшеге Мамедалиев Мүсірәлі есімі берілсін.
      2. Осы бірлескен шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы:    Ә. Сабиров

      Аудан әкімі:                               М. Мырзабаев

      Аудандық мәслихат хатшысы:                 Б. Каипов      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады