Аудан азаматтарын кезекті міндетті әскери қатарына шақыруға дайындық, әскери қызмет етуге шақыру жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 9 сәуірдегі N 106 каулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 17 сәуірде N 14-12-70 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Әділет басқармасының 2011 жылғы 29 сәуірдегі N 1-15-05/563 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Әділет басқармасының 2011.04.29 N 1-15-05/563 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 779 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруға басшылық ету және бақылау жасау үшін Созақ аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мерзімді қызметке шақырылуды кейінге қалдыруға құқығы жоқ азаматтарды әскери қызметке шақыру және шақырылғандарды Қарулы күштер қатарына жіберу 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсан айларында жүргізілсін.
      2. Міндетті әскери қызметке шақырылушы азаматтардың жалпы санын ауыл, поселке әкімшіліктері бойынша анықтау, нақты тізімін жасау, шақырылушы азаматтардың жанұя жағдайларын зерттеу, денсаулығына, біліміне қарай іріктеу жұмыстарын дайындық кезінде жүзеге асыру Созақ аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (Р. Махалиев келісімі бойынша) ұсынылсын және ауыл, поселке әкімдеріне міндеттелсін.
      3. Аудан азаматтарын кезекті міндетті әскер қатарына шақыруға дайындау, шақыру жұмыстарын ұйымдастыратын және өткізетін аудандық шақыру комиссиясының құрамы төмендегіше бекітілсін:     

1) Махалиев Рәтбек
   Рзалыұлы

Созақ аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша)

2) Ошақапов Шекербек           Шералыұлы

Созақ аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелері:

3) Дәуленбаев Нұрлан
   Оралбайұлы

Созақ аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісімі бойынша)

4) Дөнтаев Ахан
   Жапайұлы

Созақ аудандық медициналық бірлестігінің терапевті, медициналық комиссияның төрағасы (келісімі бойынша)

5) Мауленова Қалдыкүл
   Оспанқызы

Созақ аудандық медициналық бірлестігінің медбикесі, комиссия хатшысы (келісімі бойынша)

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2009.09.24 N 297 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      4. Созақ аудандық шақыру комиссиясының жұмысы Созақ аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде ұйымдастырылсын. Аудандық әскери-медициналық комиссия жұмысының күн тәртібі сенбі және жексенбі күндерден басқа күндері 9.00-ден 18.00-ге дейін белгіленсін.
      5. Міндетті әскер қатарына шақырылушы азаматтардың денсаулығын тексеретін дәрігер мамандар дайындау, олардың шақыру комиссиясының жұмысына толық қатысуына басшылық, бақылау жасау, медициналық комиссиясын арнайы құрал жабдықтармен, қажетті материалдармен қамтамасыз ету, қайта тексерілуге жіберілген азаматтардың сапалы тексеріліп, медициналық комиссиясына қайта оралуын ұйымдастыру және өткізу, аудандық орталық ауруханаға арнайы жіберілген әскер қатарына шақырылушы азаматтарды стационарлық тексеруден өткізу үшін жататын орын бөлу, осы жұмыстардың барысы жөнінде және медициналық комиссиясының қорытындысы бойынша аудандық шақыру комиссиясына жазбаша ақпар беріп отыру Созақ аудандық медициналық бірлестігінің бастығы (И. Қайыповқа келісімі бойынша) ұсынылсын.
      6. Ауыл, поселке әкімдеріне төмендегі шаралар тапсырылсын және меншік түріне қарамастан кәсіпорын, мекеме, шаруашылық басшыларына төменгі шараларды жүзеге асыру ұсынылсын:
      1) әскер қатарына шақырылған азаматтардың шақыру қағаздарын тарату және оларды тиісті құжаттармен көрсетілген мерзімде бекітілген кестеге орай алып келу, алып қайту;
      2) әскери міндет өтеуге кететін азаматтарды еңбек демалыстарынан шақырып алу және олардың шақыру учаскелеріне дер кезінде келуін қамтамасыз ету, алыстағы жайылымдардан уақытылы тасымалдау.
      7. Созақ аудандық ішкі істер бөліміне (Ш. Мырзахметов келісімі бойынша) үстерінен іс қозғалған мерзімді жазасын өтеуге үкім шығарылған және есепте тұратын әскер қатарына шақырылушы азаматтардың тізімін аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің сұранысы бойынша аудандық шақыру комиссиясына тапсыру, шақыру бекетінде қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында арнайы полиция қызметкерлерін бөлу және мерзімді әскери қызметке шақырылудан бас тартып жүрген азаматтарды іздестіру және оларды аудандық шақыру комиссиясына жеткізу үшін аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен бірігіп жұмыс істеу ұсынылсын.
      8. Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының Созақ аудандық бөлімшесіне (Б. Тұрсынбеков, келісімі бойынша) есепке алынған әскерге шақырылушы мүгедек азаматтардың тізімін Созақ аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне дер кезінде тапсырылуы ұсынылсын.
      9. Аудан азаматтарын 2009 жылдың көктемгі-күзгі әскер қатарына шақыру науқанының барысы және облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментіне ақпар тапсырып отыру Созақ аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (Р. Махалиев келісімі бойынша) ұсынылсын.
      10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Мейірбековке жүктелсін.
      11. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі:                               С. Әбдіқұлов    

      КЕЛІСІЛДІ:

      Созақ аудандық медициналық
      бірлестігінің бастығы
      09.04.2009                                 Қайыпов Ибадилла Құрманбекұлы

      Созақ аудандық ішкі істер
      бөлімінің бастығы полиция майоры
      09.04.2009                                 Мырзахметов Шахмұрат Шалатайұлы

      Созақ аудандық Қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімінің бастығы
      09.04.2009                                 Махалиев Рәтбек Рзалыұлы

      Зейнетақы төлеу жөніндегі
      мемлекеттік орталығының Созақ
      аудандық бөлімшесінің бастығы
      09.04.2009                                 Тұрсынбеков Бекжан Айтжанұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады