Кәсіпкерлік қызметінің жекелеген түрлеріне тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 сәуірдегі N 129 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 21 мамырда N 14-12-74 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 233 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ  аудандық мәслихатының 24.12.2014 № 233 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 422-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Созақ ауданында кәсіпкерлік қызметінің жекелеген түрлеріне айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Созақ аудандық мәслихатының
      кезектен тыс ХVII сессиясының төрағасы:    К. Исаев

      Созақ аудандық мәслихатының хатшысы:       А. Аймұрзаев   

      Созақ аудандық мәслихатының
      2009 жылғы 27 сәуірдегі
      N 129 шешіміне қосымша

қ/с

Салық салу объектісінің атауы

Айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың ставкаларының мөлшері
(айлық есептік көрсеткіш)

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3.

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

4.

Ойын жолы

5

5.

Карт

2

6.

Бильярд үстелі

3

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады