Созақ ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 25 сәуірдегі N 176 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу қағидасы туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 28 мамырдағы N 171 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 11 маусымда N 14-12-76 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 451 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2011.12.21 № 451 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес, Созақ аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу қағидасы туралы" Созақ аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 25 сәуірдегі N 176 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-12-59 нөмірмен тіркелген, 2008 жылғы 21 маусымда "Теріскей" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      11-тармағы алынып тасталсын;
      14-тармағы төмендегідей жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қызметкердің еңбек ақысы Республикалық және жергілікті бюджеттен төленеді.";
      21-тармағындағы "департаментіне" деген сөз "басқармасына" деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Мейірбековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Аудан әкімі:                               С. Әбдіқұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады