2009 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 9 қаңтардағы N 35 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 4 ақпанда N 14-13-47 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы N 7-1233 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің 2011.05.20 N 7-1233 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 – тармағы 13–тармақшасына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5–тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоғамдық жұмыстарды 2009 жылға ұйымдастырушы ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі бекітілсін (N 1 қосымша қоса тіркеледі.)
      2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Қ. Мұздыбаев) бекітілген тізбеге сәйкес 2009 жылға арналған аудан бюджетінде қоғамдық жұмыстарға қарастырылған қаражат шегінде, жұмыссыздарды келісіміне сәйкес қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын.
      3. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбекақысы бір айлық жалақының ең төменгі мөлшерінде белгіленсін.
      4. Аудандық қаржы бөлімі (Қ. Таменов) қоғамдық жұмыстағы жұмыссыздардың еңбекақысын төлеуге қаражаттың уақтылы бөлінуін қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Тлеубердиевке жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                          Ж. Рысбеков

Төлеби ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 9 қаңтардағы
N 35 қаулысымен бекітілген 

Қоғамдық жұмыстарды 2009 жылға ұйымдастырушы ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі

N

Ұйымдардың тізбесі

Жұмыстардың түрлері

Саны, адам

1

2

3

4

1

Ленгір қаласы және ауылдық округ әкімдері аппараттары

Аймақтық қоғамдық жұмыстарды өткізуге (қоғамдық пікірдің сауалнамасын жүргізу, халық санағына) көмектесу

54

2

Ленгір қаласы және ауылдық округ әкімдері аппараттары, "Көпсалалы коммуналдық шаруашылық кәсіпорны" МКК

Жолдар құрылысы және оларды жөндеуге көмек беру

15

3

Ленгір қаласы және ауылдық округ әкімдері аппараттары, "Көпсалалы коммуналдық шаруашылық кәсіпорны" МКК

Көгалдандыру, ағаштар отырғызу, көркейту жұмыстарына қатысу

96

4

Ленгір қаласы және ауылдық округ әкімдері аппараттары, "Көпсалалы коммуналдық шаруашылық кәсіпорны" МКК

Әлеуметтік, мәдени маңызы бар объектілерді салуға және жөндеуге көмектесу (мектеп, аурухана салу құрылыстарына жәрдем беру)

36

5

Ленгір қаласы және ауылдық округ әкімдері аппараттары, "Көпсалалы коммуналдық шаруашылық кәсіпорны" МКК

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұйымдарына көмек көрсету

33

6

Ленгір қаласы және ауылдық округ әкімдері аппараттары, "Көпсалалы коммуналдық шаруашылық кәсіпорны" МКК

Аймақты экологиялық сауықтыру, көріктендіру (қар тазалау, қоқыстан тазарту, сыпыру)

86

7

Ленгір қаласы және ауылдық округ әкімдері аппараттары

Әлеуметтік маңызы бар және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу (жергілікті тұрғындардың әлеуметтік жағдайын анықтауға)

56

8

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі

Берілген өтінімдеріне сай қорғаныс істері жөніндегі бөлім жұмысына көмек беру

10

9

Аудандық ішкі істер бөлімі

"Тәртіп", "Сақшы" пилоттық жобасы бойынша жұмыс жүргізу

20

10

Аудандық статистика бөлімі

Халық санағын жүргізу жұмыстарына қатысу

14


БАРЛЫҒЫ:


420

      ЕСКЕРТУ: Жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарда орташа жұмыс істеу мерзімі 2 ай және 6 ай. Жұмыссызға төленетін ақы ең төменгі жалақы мөлшерінде белгіленеді. Іс жүзінде сұраныс пен ұсынысқа орай қоғамдық жұмыстардың кейбіріне қатысушылардың саны, қатысудың ұзақтығы, қоғамдық жұмыстардың түрлері және ұйымдардың тізбесі 2009 жылға арналған аудандық бюджетте қоғамдық жұмыстарды өткізуге қарастырылған қаражат шегінде өзгеруі мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады