Көксәйек ауыл округі аумағында құтыру ауруын жою мақсатында ветеринарлық режим белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 11 қыркүйектегі N 386 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 23 қыркүйекте N 14-13-58 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы N 659 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің 2009.12.29 N 659 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабына және Төлеби ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2009 жылғы 4 қыркүйек N 2-4/548 санды ұсыныс хатына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Көксәйек ауыл округінің Көксәйек елді мекеніндегі А. Қожамсүгіров атындағы көшесі тұрғыны Б. Сүгіралиевтің үй ауласы құтыру ауруының ошағы болып анықталуына сәйкес Көксәйек ауыл округінің А. Қожамсүгіров атындағы көше құтыру ауруына қауіпті аумақ ретінде карантиндік режим және шектеу іс-шаралары енгізіліп, карантиндік аймақтың ветеринарлық режимі белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министірлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Төлеби аудандық аумақтық инспекциясына (О. Сүттібаев келісімі бойынша) шектеу іс-шаралары енгізілген аумақта ветеринарлық-санитарлық талаптардың орындалуын қатаң бақылауға алу ұсынылсын.
      3. Көксәйек ауылдық округінің әкімі (А. Ақтаев) шектеу қойылған аумақта қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау, жою залалсыздандыру жұмыстарын ұйымдастыру және шектеу белгіленгендігі жөнінде ауыл тұрғындарына хабарлау тапсырылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Рысбековке жүктелсін.
      5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.    

      Аудан әкімі                                Ә. Тұрғымбеков     

      КЕЛІСІЛДІ:   

      Төлеби аудандық бас
      мемлекеттік ветеринарлық
      инспекторы                                 Сүттібаев Орал Үсіпбайұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады