Түлкібас ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 481 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 25 мамырдағы N 257 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 27 мамырда N 14-14-78 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 7 ақпандағы № 42 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 2012.02.07 № 42 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасын бекіту туралы" Түлкібас ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 481 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-14-40 санмен тіркелген, аудандық "Шамшырақ" қоғамдық-саяси газетінде 2007 жылғы 30 қарашада ресми жарияланған) қосымшасына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      6-тармақтың 4-тармақшасы алынып тасталынсын;
      11-тармақ алынып тасталынсын;
      15-тармағы төмендегідей жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қызметкерлердің еңбекақысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 15 қаңтардағы N 46 қаулысымен бекітілген Түлкібас ауданында халықты әлеуметтік қолдау жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, жергілікті бюджеттің қаражатынан 50% және жұмыс беруші қаражатынан 50% көлемінде төленеді";
      22-тармақта "департаментіне" деген сөз "басқармасына" деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.       

      Аудан әкімі                                Е. Сарманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады