Түлкібас ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 6 сәуірдегі "Азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 158 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 23 қыркүйектегі N 439 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 28 қыркүйекте N 14-14-87 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Әділет басқармасының 2010 жылғы 26 мамырдағы N 2163/02 хатымен

      Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Әділет басқармасының 2010.05.26 N 2163/02 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағы 8)тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына сәйкес және кадрлық өзгерістерге байланысты аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Түлкібас ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 6 сәуірдегі "Азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 158 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-14-70 санмен тіркелген, 2009 жылдың 17 сәуірінде аудандық "Шамшырақ" қоғамдық-саяси газетінде ресми жарияланған) 2-тармағындағы "Айдаров Талғат Абдуалыұлы" деген сөздер "Арапбаев Сейіткәрім Сапарбайұлы" деген сөздермен ауыстырылсын (келісім бойынша).
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.      

      Аудан әкімі                                Е.Сарманов     

      КЕЛІСІЛДІ:

      Түлкібас аудандық қорғаныс
      істер жөніндегі бөлімінің бастығы          С.Арапбаев

      23 қыркүйек 2009 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады