"Шығыс Қазақстан облысы бойынша балық шаруашылығын жүргізуге арналған балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы" 2007 жылғы 5 сәуірдегі № 75 қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 14 қаңтардағы № 288 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 27 қаңтарда № 2494 тіркелді. Күші жойылды - ШҚО әкімдігінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 359 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ШҚО әкімдігінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 359 қаулысымен.
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Шығыс Қазақстан облысы бойынша балық шаруашылығын жүргізуге арналған балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 5 сәуірдегі № 75, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2444 қаулысына, 2007 жылғы 5 мамырдағы № 46-47 (15798) "Дидар", № 66 (18304) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған ("Шығыс Қазақстан облысы бойынша балық шаруашылығын жүргізуге арналған балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы" 2007 жылғы 5 сәуірдегі № 75 қаулыға өзгеріс енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 3 сәуірдегі № 513, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2482 қаулысымен, 2008 жылғы 22 мамырдағы № 66-67 (15976) "Дидар", № 76-75 (18509) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған, енгізілген өзгерісті ескере отырып) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген, Шығыс Қазақстан облысы бойынша балық шаруашылығын жүргізуге арналған балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесіндегі :
      1.01, 2.01, 3.01, 3.02, 3.03, 3.04, 3.05, 3.06, 3.08, 3.10, 3.11, 3.13, 3.14, 3.15, 3.16, 3.18, 4.01, 4.02, 4.03, 4.04, 4.07, 4.15, 4.17, 4.18, 4.19, 4.20, 6.03, 6.04, 6.07, 6.09, 6.10, 6.14, 6.15, 6,17, 6.20, 6.22, 6.25, 6.27, 8.03, 8.12, 9.09, 9.11, 11.03, 11.04, 11.05, 11,07, 11.08, 11.13, 11.14, 11.15, 11.16, 12.02, 14.01, 14.05, 14.06, 16.06, 16.10, 16.15 - тармақтар алынып тасталсын;
      "Семей қалалық әкімшілік–аумақтық бірлігі" сөздері "Семей қаласының қалалық әкімшілік–аумақтық бірлігі" сөздерімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3.18-1, 13.01-1 жолдармен толықтырылсын:

"3.18-1
Шошқалы көлі
630,0
табиғи";
"13.01-1
Украинка ауылынан 0,6 шақырым жоғары су объектісі
0,2
жасанды".

      
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Ә. Бергенев
      Келісілді:
      "Су ресурстарын пайдалануды
      реттеу және қорғау жөніндегі
      Ертіс бассейндік инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы К. Көбегенов
      "Зайсан-Ертіс облысаралық балық
      шаруашылығы бассейндік инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы М. Қабдығали

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады