2010 жылға тұрғындардың нысаналы топтарын анықтау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 10 қарашадағы N 4545 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық Әділет басқармасында 2009 жылғы 04 желтоқсанда N 5-1-125 тіркелді. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды - Өскемен қаласы әкімінің аппаратының 2011 жылғы 05 қаңтардағы № Ин-6/751 хатымен

      Ескерту. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды - Өскемен қаласы әкімінің аппаратының 2011.01.05 № Ин-6/751 хатымен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабына, 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылға тұрғындардың келесі нысаналы топтары анықталсын:
      1) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
      2) балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      3) кәмелеттік жасқа толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты үнемі күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      5) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты бойынша зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      6) мүгедектер;
      7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босатылған адамдар;
      8) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарына босатылған адамдар;
      9) оралмандар;
      10) табысы аз адамдар;
      11) мектептерді, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      12) жазғы демалыс уақытында студенттер мен мектеп оқушылары;
      13) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына немесе жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      14) өндірісті ұйымдастырудың өзгеруіне, соның ішінде қайта ұйымдастыру және (немесе) жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты толық емес жұмыс күні тәртібінде жұмыс істейтін адамдар;
      15) жалақысы сақталмайтын демалыстағы адамдар;
      16) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін адамдар;
      17) 50 жастан асқан әйелдер;
      18) 55 жастан асқан еркектер.
      2. «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
      1) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын;
      2) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыруда көмек көрсетуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Қ. Нұрғазиевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласы әкімінің
      міндетін атқарушы                             А. Брусенцов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады