"Курчатов қаласында жануарларды ұстау, ит пен мысықтарды серуендету қағидалары туралы" 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 7/58-IV шешімге өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 сәуірдегі N 18/137-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Курчатов қаласындағы Әділет басқармасында 2009 жылғы 8 мамырда N 5-3-74 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 шілдедегі N 6/45-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2012.07.16 N 6/45-V шешімімен.
      
      «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 Кодексінің 3 бабы 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабы 1 тармағы 8) тармақшасына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. «Курчатов қаласында жануарларды ұстау, ит пен мысықтарды серуендету қағидалары туралы» 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 7/58-IV шешімге мынадай өзгертулер енгізілсін:
      1) шешімнің тақырыбындағы «жануарларды, серуендету» сөздері алынып тасталсын;
      2) осы аталған шешімде қабылданған Курчатов қаласында ит пен мысықтарды ұстау қағидалары кіріспесінде «жануарларды, серуендету» сөздері алынып тасталсын;
      3) «Жалпы ережелер» атты 1 бөлімде:
      1 тармақтағы «жануарларды, серуендету» сөздері алынып тасталсын;
      3 тармақ алынып тасталсын;
      4) «Жануарларды ұстау» атты 3 бөлімде:
      6 тармақтағы 5) және 6) тармақшалар алынып тасталсын;
      5) «Жануарларды серуендету тәртіптері» атты 4 бөлімде:
      7 тармақтағы 1) тармақшадағы «тек» сөзі алынып тасталсын;
      8 тармақтағы: 2) тармақша мен 8) тармақша алынып тасталсын;
      6) «Жануарлар иелерінің міндеттері» атты 6 бөлімде:
      12 тармақтағы:
      2) тармақша алынып тасталсын;
      3) тармақшадағы «міндетті түрде» сөздері алынып тасталсын;
      7) «Қағидаларды бұзғаны үшін жануарлар иелерінің жауапкершілігі» атты 8 бөлімде:
      17 тармақтағы:
      «311387 баптарына сәйкес» сөздері мынадай редакцияда «311 бабына сәйкес» жазылсын;
      19 тармақтағы:
      «1997 жылғы 16 шілдедегі № 167 Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 276 бабына сәйкес» сөздері мынадай редакцияда «Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес» жазылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Сессия төрағасы, Курчатов қалалық
      мәслихатының хатшысы                           Ш. ТӨЛЕУТАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады