Абай ауданында 2009 жылдың көктемі мен күзінде мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды өткізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 6 сәуірдегі N 18 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Абай ауданындағы Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 мамырда N 5-5-92 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 22 сәуірдегі N 208 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігінің 2010.04.22 N 208 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 13-тармақтан қараңыз).
      
      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 23 қаңтар 2001 жылғы № 148 Заңының 31 бабының 1-тармағының 8) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 8 шілде 2005 жылғы № 74 Заңының 1920 баптарына, «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 1 сәуір 2009 жылғы № 779 Жарлығына сәйкес 2009 жылғы көктемде (сәуір және маусым айларында) және күзде (қазан және желтоқсан айларында) әскери қызметке азаматтарды дер кезінде шақыруды қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әскерге шақыру мерзімін ұзартуға немесе шақырылудан босатылуға құқығы жоқ және оқу орындарынан босатылып жіберілген, жиырма жеті жасқа толмаған және бекітілген әскери қызмет мерзімін әскерге шақыру бойынша өтемеген, он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру өткізілсін.
      2. Ауылдық округ әкімдері аудан азаматтарын 2009 жылдың көктемі мен күзінде мерзімді әскери қызметке дер кезінде шақыруды және аттандыруды жүргізсін, осы кезеңге шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастырсын.
      2. 2009 жылы көктемде және күзде ауданда кезекті әскери қызметке шақыруды сапалы өткізу үшін аудандық шақыру комиссиясы құрылсын (1-қосымша).
      3. 2009 жылғы көктемгі және күзгі шақыру комиссиясының жұмыс кестесі бекітілсін (2-қосымша).
      4. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығына (Б. Нұржауов, келісімі бойынша) ұсынылсын:
      1) шақыруды сапалы өткізу үшін қажетті құжаттарды әзірлеу;
      2) шақыру пунктінің әкімшілігімен және дәрігер-мамандармен әдістемелік - нұсқаулық сабақтар жүргізу;
      3) шақыру пунктін жұмыс жүргізуге дайындау.
      5. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына (Ш. Айтқазин, келісімі бойынша) аудан бойынша қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің ескеруімен әскери есепке тұрудан бас тартып жүрген және мерзімді әскери қызметке шақырылудан жалтарып жүрген азаматтарды іздестіруді сонымен қатар шақыру пунктіне тәртіп сақтау мақсатында наряд бөлуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
      6. Аудандық медицина бірлестігінің директорына (Қ. Битенова, келісім бойынша) ұсынылсын:
      1) мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарды куәландыру сапасын, медициналық тексерілуін бақылауға алу.
      2) шақырылушылардың флюрографиялық, электрокардиологиялық, басқа зерттеулермен қамтамасыз ету медицина бірлестігі есебінен толық ұсыну;
      3) аудандық шақыру комиссиясын дәрігер мамандармен орташа медицина қызметкерлерімен толықтыру жөнінде шаралар ұйымдастыру;
      4) аудандық медицина бірлестігінде шақырушыларды клиникалық зерттеу, тексеру және емдеу үшін қажетті мөлшерде орындар бөлу;
      5) шақыру кезінде қажетті зерттелушілерді қабылдау, шақырылушыларды зерттеу және емдеу қаражаттары нақты пайдалану бойынша аудандық бюджет есебінен жүргізу.
      7. Ауданның кәсіпорындары мен ұйымдарының басшыларына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына шақырылған азаматтарды салтанатты түрде аттандыру туралы ұсыныс жасалсын.
      8. Ауданның қаржы бөлімі (А. Асқатов) қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімімен бірге әскерге шақырылғандарды жіберу үшін және осы шараларды ұйымдастыруға байланысты шығындарды аудандық бюджет есебінен жүргізсін.
      9. Абай ауданының тұрғындарына 2009 жылғы көктемде және күзде әскерге шақырылу шараларының басталғандығы жайлы хабарландыруды баспасөзде жариялау ауданның ішкі саясат бөліміне (Ж. Екібаев) тапсырылсын.
      10. Аудан әкімдігінің 3 сәуір 2008 жылғы № 384 санды «2008 жылғы көктемде және күзде Абай ауданында кезекті әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» қаулысының (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-5-80 номерімен 2008 жылдың 12 мамырында тіркелген, «Абай елі» газетінде 2008 жылдың 01-15 мамырында 9(043) номерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      11. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Н. Жүнісжановқа жүктелсін.
      12. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Абай ауданының әкімі:                              Е. СҮЛЕЙМЕН
      
      «КЕЛІСІЛДІ»

      Аудандық қорғаныс істері жөніндегі
      біріктірілген бөлімінің бастығы,
      майор:                                             Б. Нұржауов
      6 сәуір 2009 жыл

      Аудаңдық ішкі істер бөлімінің
      бастығы, полиция подполковнигі:                    Ш. Айтқазин
      6 сәуір 2009 жыл

      Аудандық медицина бірлестігінің
      директоры:                                         Қ. Битенова
      6 сәуір 2009 жыл

      Абай ауданы әкімдігінің
      2009 жылғы 6 сәуірдегі
      № 18 қаулысына 1-қосымша

       2009 жылы көктемде және күзде ауданда кезекті әскери қызметке шақыру шақыру комиссиясының құрамы

Нұржауов Бауыржан Кәкімжанұлы -

аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша);

Жүнісжанов Нұрғазы Әнуарұлы -

аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары;

Қаратаев Ержан Жұбайханұлы -

аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, комиссия мүшесі (келісімі бойынша);

Жапалов Ертіс Бердірахманұлы -

медициналық комиссияның төрағасы (келісімі бойынша);

Төлегенқызы Мақпал -

медициналық комиссияның хатшысы (келісімі бойынша).

      
      
      Абай ауданы әкімінің
      аппарат басшысы:                               М. Белібаев

      Абай ауданы әкімдігінің
      2009 жылғы 6 сәуірдегі
      № 1 қаулысына 2-қосымша

       2009 жылғы көктемгі және күзгі шақыру комиссиясының жұмыс кестесі.

2009 жылғы көктемдегі 2009 жылғы күздегі

№ р/с

Ауылдық
округ
тердің
атауы

Шақырыл
ғандар
саны

06.
04.
09.

07.
04.
09.

08.
04.
09.

09.
04.
09.

10.
04.
09.

Шақырыл
ғандар
саны

05.
10.
09.

06.
10.
09.

07.
10.
09

08.
10.
09

09.
10.
09.

12.
10.
09.

13.
10.
09

14.
10.
09

15.
10.
09.

1

Қарауыл

76

10



30

36

120

50

45

20



5




2

Архат

16


16




23






23




3

Құндызды

19

19





40




40






4

Көкбай

10




10


36





36





5

Медеу

4


4




17






17




6

Кеңгірбай-би

14



14



40









40

7

Қасқабұлақ

13

13





36








36


8

Тоқтамыс

11


11




30



30







9

Саржал

17



17



38







38



10

Жиыны

180 42 31 31 40 36 380 50 45 50 40 36 45 38 36 40

      
      
      Абай ауданы әкімінің
      аппарат басшысы                                М. Белібаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады