1992 жылы туған азаматтарды тiркеудi жүргiзу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімінің 2009 жылғы 21 қаңтардағы N 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 09 ақпанда N 5-6-89 тіркелді. Күші жойылды - Аягөз ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 29 мамырдағы N 612 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Аягөз ауданы әкімдігінің 2009.05.29 N 612 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi № 74 "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының 17, 18 және 44баптарын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13-тармақшасын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 "Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қаулысын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Аягөз қаласының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмiнiң бастығы (М. Жақашев) (келiсiм бойынша) 1992 жылы туған азаматтарды тiркеудi жүргiзудi ұйымдастыру ұсынылсын.
      2. 1992 жылы туған азаматтырды тiркеудi жүргiзу жөнiнде аудандық комиссиясының кұрамы бекiтiлсiн (қосымша 1).
      3. Шақыру учаскесіне тiркелетiн 1992 жылы туған азаматтарды медициналық куәләндiру 2009 жылдың 26 қаңтарынан 2009 жылдың 16 наурызы аралығында жүргiзiлсiн.
      4. "Аудандық медициналық бiрлестiгi" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бастығы (Ж. Жұмақанов) (келiсiм бойынша):
      1) медициналық куәләндiрудi өткiзу үшiн қажеттi мөлшерде маман-дәрiгерлер мен орта буындағы медициналық қызметкерлердi бөлу ұсынылсын;
      2) жатып емделетiн орындарда, емдеу-сауықтыру мекемелерiнде тiркеу жөнiндегi комиссияның жолдамалары бойынша азаматтарды қосымша тексеру үшiн бос орындар ұстау ұсынылсын;
      3) тiркеу жөнiндегi комиссияның Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлiгiнiң 2005 жылғы 16 наурыздағы № 117 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлiгiнiң 2005 жылғы 4 наурыздағы № 100 "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiндегi, басқа да әскерлерi мен әскери құрылымдарындағы әскери-дәрiгерлiк сараптама ережесiн бекiту туралы" бiрлескен бұйрығына сәйкес қажеттi мөлшерде медициналық құралдарымен, мүлiкпен қамтамасыз ету ұсынылсын;
      4) тiркеу аймағына тiркеу жүргiзiлу барысында, емделу қажет әскерге шақырушылардың тiзiмдерi тапсырылған соң, оларды емдеу мекемелерiне бекiтiп, толық емделiп шығуын қамтамасыз ету ұсынылсын;
      5) аудандақ медициналық бiрлестiгiнiң дәрiгер мамандарының әскери тiркеуге және әскерге шақыру комиссиясының штаттан тыс құрамы бекiту ұсынылсын (қосымша 2).
      5. Қала, кент және ауылдық округтер әкiмдерi әскери тiркеуге тиiстi азаматтарды қорғаныс iстерi жөнiндегi бiрiккен бөлiмiне шақырылғандығы туралы хабардар етуге және олардың дер кезiнде келуiн қамтамасыз етсiн.
      6. "Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесi (Б. Мұстафаев) мүгедек деп танылған барлық адамдар туралы мәлімет берсін.
      7. "Аягөз аудандық бiлiм бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi (С.  Ещанова):
      1) әскери оқу орындарына үмiткерлердi iрiктеу және бiлiм деңгейiн тексерсiн;
      2) әскери техникалық мамандық бойынша даярлауға үмiткерлерді  iрiктесiн.
      8. Аягөз ауданының iшкi iстер бөлiмi (С. Қайпеков) (келiсiм бойынша):
      1) бұрын сотталған немесе жазасын өтеп жүрген, қоғамға жат әрекеттерi мен басқадай қылмыстары үшiн тергеуде жүрген, әскери тiркелуге тиiстi азаматтар туралы мәлiметтердi Аягөз қаласының қорғаныс iстерi жөнiндегi бiрiккен бөлiмiне хабарлау ұсынылсын;
      2) Қазақстан Республикасының "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңын орындаудан жалтарап жүргендердi iздестiрудi және ұстауды өз құзыретi шегiнде жүзеге асыру ұсынылсын.
      9. Аудандық iшкi саясат бөлiмiне (Д. Сағындықова) әскери тiркеу кезiндегi жұмыстарды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңiнен насихаттау тапсырылсын.
      10. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      11. Осы шешім әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғанан кейiн күнтiзбелiк  он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi.
 

      Аягөз ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы                        Т. Бозтаев

 

Аягөз ауданы әкiмiнiң 
2009 жылғы 21 қаңтардағы
№ 1 шешішіміне № 1 қосымша

1992 жылы туған азаматтарды тiркеу жүргiзу жөнiндегi
аудандық комиссияның құрамы

1. Мұрат Асқарұлы Жақашев

– қалалық қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмiнiң бастығы, комиссия төрағасы  (келiсiм бойынша)

2. Бақытжан Кәкенғажыұлы Баяхметов

– Аягөз ауданы әкiмiнiң орынбасары,  комиссия төрағасының орынбасары (келiсiмі бойынша)



Комиссия мүшелерi:

3. Марат Айтмұхаметұлы Макеев

– аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң бастығының орынбасары (келiсiм бойынша)

4. Ерiк Мақсұтұлы Исабеков

– аудандық орталық аурухананың дәрiгерi, медициналық комиссия төрағасы (келiсiм бойынша)

5. Сәулеш Төлеужанқызы Жақсыбаева

– аудандық орталық аурухананың медбикесi, комиссия хатшысы (келiсiм бойынша)

   

Аягөз ауданы әкiмiнiң  
2009 жылғы 21 қаңтардағы
№ 1 шешішіміне № 2 қосымша

Аудандық орталық аурухананың дәрiгер мамандарының
әскери тiркеуге және әскерге шақыру
комиссиясының штаттан тыс құрамы

1. Исабеков Ерiк Максұтұлы

– аудандық орталық аурухананың хирургi

2. Жұмабаева Гүлнәр Мұсақызы

– аудандық орталық аурухананың терапевтi

3. Еникеева Нәжия Ысқаққызы

– аудандық орталық аурухананың фтизиаторы

4. Байжұманова Раушан Зайтпекқызы

– аудандық орталық аурухананың психиаторы

5. Байсеитова Сәуле Сағынайқызы

– аудандық орталық аурухананың невропатологы

6. Бабақбаев Серiк Сағатбайұлы

– аудандық орталық аурухананың отоларингологы

7. Нұржанова Анар Жұматайқызы

– аудандық орталық аурухананың окулистi

8. Қилыбаева Еркеш Садуалиқызы

– аудандық орталық аурухананың дерматовенерологы

9. Құсаинов Шалқар Егiнбайұлы

– аудандық орталық аурухананың тiс дәрiгерi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады