Тіркелген салық мөлшерлемелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы мәслихатының 2009 жылғы 23 сәуірдегі N 13-3/7 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зайсан аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 2 маусымда N 5-11-97 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 7 наурыздағы № 22-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 07.03.2018 № 22-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша "ставкаларын", "ставкалары" деген сөздер тиісінше "мөлшерлемелерін", "мөлшерлемесі" деген сөздермен ауыстырылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 10.07.2015 № 36-2/1 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Казақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 422 - бабының 2 тармағына сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Зайсан ауданы аумағындағы салық төлеушілерге тіркелген салық мөлшерлемесі қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы

Аудандық мәслихат
хатшысы

Е.А.Келгенбаев

Н.Қ.Бейсенов

  Зайсан аудандық мәслихатының
2009 жылғы 23 сәуірдегі № 13 -3/7
шешіміне қосымша

Бекітілген, тіркелген салық мөлшерлемесі

Салық төлеу объектісінің атауы

Ай сайынғы бір салық салу объектісіне салынатын тіркелген салық мөлшерлемесі (айлық есептік көрсеткіш)

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

2

2

Біреуден артық ойыншылардың
қатысуымен ойын өткізуге арналған
ұтыссыз ойын автоматы

2

3

Ойын өткізу үшін пайдаланатын дербес компьютер

2

4

Ойын жолы

5

5

Карт

2

6

Бильярд үстелі

4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады