Күршім ауданы аумағында 2009 жылдың көктемі мен күзінде мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды өткізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 21 мамырдағы N 1187 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Күршім аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 4 маусымда N 5-14-84 тіркелді. Күші жойылды - Күршім ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы N 1508 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Күршім ауданы әкімдігінің 2010.01.29 N 1508 қаулысымен.
      «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі № 74 Заңының 19 бабы 3 тармағына және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 01 сәуірдегі № 779 Жарлығына сәйкес, 2009 жылдың көктемі мен күзінде азаматтарды мерзімді әскери қызметке уақтылы және сапалы түрде шақыруды қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабы 1 тармағы 8) тармақшасының негізінде Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру өткізілсін.
      2. Шақыру комиссиясы құрылсын (1 қосымша).
      3. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі бекітілсін (2 қосымша).
      4. Күршім ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (бастықтың міндетін атқарушы Қизатаев.С.Т., келісімі бойынша):
      1) шақыру пунктін жұмыс жүргізуге дайындау;
      2) дәрігер-мамандармен және шақыру пунктінің әкімшілігімен әдістемелік-нұсқаулық сабақтар жүргізу;
      3) шақыруды өткізу үшін қажетті құжаттарды әзірлеу ұсынылсын.
      5. Күршім ауданының «№ 1 медициналық бірлестігі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директорына (Игісінов.Ф.О., келісімі бойынша) және Күршім ауданының «№ 2 медициналық бірлестігі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директорына (Блейменов М.Б., келісімі бойынша):
      1) шақырылушылардың талдауларының зертханалық, кеуде органдарының флюорографиялық зерттелуін ұйымдастыру;
      2) шақырылушыларды медициналық тексеруден өткізу үшін емдеу мекемесін қажетті орындар санымен қамтамасыз ету;
      3) шақырылушыларды медициналық тексеруден өткізу үшін ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөліміне дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің қажет санын бөлу;
      4) шақырылушылардың уақтылы және сапалы түрде медициналық тексерілуі мен емделуін бақылауға алу;
      5) шақырылушыларды медициналық куәландыру және медицина қызметкерлерінің жұмысын «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2005 жылғы 16 наурыздағы № 117 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 100 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылы 4 наурызда 3560 нөмірімен тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2005 жылғы 8-10 маусымдағы 46, 47, 48 нөмірлерінде жарияланған) бірлескен бұйрығына сәйкес ұйымдастыру;
      6) дәрігерлер кеңесін, пікір алмасуларды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      6. Күршім аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына (Бажығалиев Б.К., келісімі бойынша):
      1) шақырылушыларды әскерге аттандыру және аудандық шақыру комиссиясының жұмысы кезеңінде шақыру пунктінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету;
      2) қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің ескеруімен мерзімді әскери қызметке шақырылудан және әскери есепке тұрудан бас тартатын азаматтарды іздестіру мен оларды қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізуге жәрдемдесу ұсынылсын.
      7. Ауданның кәсіпорындары мен ұйымдарының басшыларына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына шақырылған азаматтарды салтанатты түрде аттандыру туралы ұсыныс жасалсын.
      8. Ауданның қаржы бөлімі (Загарулько Р.В.) шақыруды ауданның 2009 жылға арналған бюджетімен белгіленген қаражаттар шегінде қаржыландырсын.
      9. «1981-1990 жылдары туған азаматтарды 2008 жылғы көктемде, күзде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» Күршім ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 7 сәуірдегі № 666 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылдың 28 сәуірінде 5-14-65 нөмірімен тіркелген, аудандық «Рауан» газетінде 2008 жылдың 17 мамырында 20 нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      10. Күршім ауданы әкімдігінің «1982-1991 жылдары туған азаматтарды 2009 жылғы көктемде, күзде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» Күршім ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 1152 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      11. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Күршім ауданы әкімінің орынбасары Д. Әлхановқа жүктелсін.
      12. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Күршім ауданының әкімі                   А. Сеитов

Күршім ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 21 мамырдағы
№ 1187 қаулысына 1 қосымша

Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру үшін шақыру комиссиясының құрамы

Санат Тоқанұлы Қизатаев

- аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының міндетін уақытша атқарушы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша)

Шырақ Берікқанқызы Дабырбаева

- аудандық ішкі саясат бөлімінің  жетекші маманы, төрағаның  орынбасары

Гүлшат Қасымқызы Тайтақова

- Күршім ауданының «№ 1 медициналық бірлестігі»  коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының мейірбикесі, комиссия хатшысы (келісімі бойынша)

Комиссия мүшелері:

Ербол Данилұлы Айльбаев

- Күршім аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры, (келісімі бойынша)

Жанат Қапасқызы Әміренова

- Күршім ауданының «№ 1  медициналық бірлестігі»  коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының поликлиника меңгерушісі (келісімі бойынша)

Күршім ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 21 мамырдағы
№ 1187 қаулысына 2 қосымша

Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кестесі

Жасөспірімдер санаты

Барлығы

Жасөспірімдердің саны

Көктем (сәуір-маусым)

Күз (қазан-желтоқсан)

1

Жұмыс істейтіндер

30

10

20

2

Жұмыс істемейтіндер

97

52

45


 

Барлығы:

127

62

65

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады