Бір рет берілетін талондар құнының мөлшері туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аудандық мәслихатының 2009 жылғы 13 ақпандағы N 104 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Ұлан аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 наурызда N 5-17-99 тіркелді. Күші жойылды - Ұлан аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 сәуірдегі N 118 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ұлан аудандық мәслихатының 2009.04.23 N 118 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Заңының 36 бабы негізінде Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Үшінші категориялы нарықтардағы бір жолғы алым талондарының  (жұмыс, қызмет көрсету) ставкаларының мөлшері бекітілсін. (№ 1 қосымша).
      2. Қызметі ара тұра сипатта болатын жеке тұлғалардың (қызмет, жұмыс) тауарларын сату үшін бір жолғы алым талондарының құнының мөлшері бекітілсін (№ 2 қосымша).
      3. Ұлан аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 23 қазандағы № 15 «Бір рет берілетін талондар құнының мөлшері туралы» (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде тіркелген № 5-17-69, 2007 жылғы 22 желтоқсанда аудандық «Ұлан таңы» газетінің № 51 санында жарияланған) шешімнің күші жойылсын.
      4. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы              С. Бельчуевский
 
      Аудандық мәслихат хатшысы    Д.Турсунбаев

Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 13 ақпандағы
№ 104 шешіміге
№ 1 қосымша

Үшінші категориялы нарықтардағы бір жолғы алым талондарының
ұмыс, қызмет көрсету) ставкалары

Салық салу объектісі

Берілген ставкалар (теңге)

1. Азық-түлік тауарлары:

 

- дүкеннен сату

1 шаршы метрге 30 теңге

- жабдықталмаған сату

1 шаршы метрге 30 теңге

- қолдан сату

65 теңге

- ет сату

250 теңге

- жеңіл көліктен сату

950 теңге

- жүк көліктен сату

1800 теңге

2. Азық түліктік емес тауарлар


- дүкеннен сату

1 шаршы метрге 30 теңге

- қолдан сату

65 теңге

- жеңіл көліктен сату

950 теңге

- жүк көліктен сату

1800 теңге

Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 13 ақпандағы
№ 104 шешіміге
№ 2 қосымша

Қызметі ара тұра сипатта болатын жеке тұлғалардың
(жұмыс, қызмет) тауарларын сату үшін бір жолғы
алым талондарының құнының мөлшері

Салық салу объектісі

Берілген ставкалар (теңге)

Ставка құны бір күнге

- газеттер мен журналдар

55 теңге

- тұқымдар, сонымен қоса отырғызылатын көшеттер

55 теңге

- бақша мәдениеті

230 теңге

- ауыл шаруашылық өнімдері

50 теңге

- жер телімдерін өңдеу бойынша меншік тракторлары иелерінің қызметі

250 теңге

- жолаушыларды тасымалдау бойынша жеңіл көлік иелерінің қызметі (лицензиялы тасымалдауды қоса алғанда)

150 теңге

- жүк тасу бойынша жүк тасу көлік иелерінің қызметі

400 теңге

- үй және саяжай учаскелерінде өсірілетін тірі гүлдер

60 теңге

- құстар мен жануарларға арналған жем сату

60 теңге

- сыпырғыш сату

50 теңге

- сыпыртқы сату

150 теңге

- орман бүлдіргенін сату

130 теңге

- бал сату

130 теңге

- саңырауқұлақтар сату

150 теңге

- балық сату

350 теңге

- қымыз сату

140 теңге

- құстар мен үй жануарларын бағу ірі қара мал

80 теңге

- ұсақ кара мал

100 теңге

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады