Үржар ауданында 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанда қезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 18 сәуірдегі N 195а қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Үржар аудандық әділет басқармасында 2009 жылғы 06 мамырда N 5-18-78 тіркелді. Күші жойылды - қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты (Үржар аудандық әділет басқармасының 2010 жылғы 11 қаңтардағы № 152 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды - қабылданған мерзімінің бітуіне  байланысты (Үржар аудандық әділет басқармасының 2010.01.11 № 152 хаты).

      Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» туралы Заңының 31 бабының 1) тармағының 8) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының 19 бабы және Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан-желтоқсанда кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына сәйкес, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Үржар ауданында шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырылудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шақырылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар және 1982-1991 жылдары туған азаматтарды 2009 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында міндетті әскери қызметке шақырылсын.
      2. Шақыру комиссиясы төмендегі құрамда құрылсын: 

Құлсеитов Қанатбек Дүйсенұлы

- қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы, (келісім бойынша)

Байсинов Қабдысадық Ақбайұлы

-аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелері:

Мұздыбаев Мурат Зарипұлы

- полиция подполковнигі, АІІБ бастығы (келісімі бойынша)

Ченемисова Насима Орынтайқызы

- аудандық аурухана дәрігері, медициналық комиссияның төрайымы (келісімі бойынша)

Шаихова Нұршат Құдайбергенқызы

- аудандық аурухана медбикесі, әскерге   шақыру жөніндегі комиссияның хатшысы (келісімі бойынша)

      3. «Үржар аудандық № 1 медициналық бірлестігінің коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры (Мадрахимов Бейсенғазы Абылайұлы) (келісімі бойынша) төмендегі шараларды өткізу ұсынылсын:
      1) шақыру комиссиясының құрамына тәжирибелі дәрігер мамандарды бөлу: терапевт, хирург, құлақ дәрігері, көз дәрігері, невропатолог, психиатр, тіс, дерматовенеролог, 4 адамнан тұратын орта буынды медициналық персонал;
      2) анализдердің тапсырылуы ұйымдастырылуы: қанның жалпы анализi, зәрдiң жалпы анализi, кеуде клеткасының флюрографиясы, РВ-ға канның анализi, қан группасы, омыртқалар мен табандарының рентген суреттерi, ЭКГ, барлығы Үржар аудандық ауруханасының негiзiнде, шақыру комиссиясының жолдамасымен келген әскер қатарына шақырылғандарды тұрақты қосымша қарауға 10 төсек бөлуі;
      3) анализ тапсыруға: қанның жалпы анализі, зәрдің жалпы анализі, РВ-ға қанның анализі, кеуде клеткасының флюрографиясы Мақаншы аймағы бойынша Мақаншы емханасында ұйымдастырылсын;
      4) қорғаныс істері жөніндегі бөлім сұранысы бойынша шақыру комиссиясын қажеттi медициналық және шаруашылық мүлiкпен қамтамасыз ету;
      5) шақыру комиссиясы берген емделудi қажет ететiн әскерге шақырушыны аудандық ауруханаға бекiтiп, келесi шақыруға дейiн емделуiн қамтамасыз ету.
      4. Меншіктің барлық түріндегі мекеме, ұйым (келісім бойынша) және оқу орындарының басшыларына төмендегі ұсынылсын:
      1) әскерге шақырушыларды іссапардан, еңбек демалысынан, алыстағы қыстақтардан шақыру комиссиясы байқауынан өту үшін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге келуін қамтамасыз ету;
      2) әскерге шақырушылар шақыру комиссиясынан өту мерзімінде медициналық тексеру және тұрақты емделу үшін жұмыстан босатылсын.
      5. Ауылдық округ әкімдеріне:
      1) әрбiр әскерге шақырушылардың шақыру учаскесiне келуiн қамтамасыз етсiн;
      2) селолық округ территориясында қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бұйрықтарын iлудi ұйымдастырсын;
      3) әскерге шақырушыларды жеткiзуге iлеспе адамдарды бөлiп, оларды шақыру комиссиясына жеткiзуге көлiкпен қамтамасыз етiп, қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің жоспары бойынша жеткiзсiн.
      6. Тәрбие және жаппай қорғаныс жұмыстарын әскери шақыру учаскесінде өткізу үшін насихат пункті ұйымдастырылсын, насихат пунктінің бастығы болып М.Горький атындағы мектебінің ұйымдастыру мұғалімі Зуев Николай Иванович, Крупский атындағы орта мектебінің ұйымдастырушы мұғалімі Серікбаев Бақыт Кәкімсейітұлы тағайындалсын.
      7. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім (капитан Құлсеитов Қанатбек Дүйсенұлы) /келiсiмi бойынша/ әскерге шақырылғандарды ауылдық округтерден аудандық медициналық шақыру комиссиясына жеткiзуге, Үржардан Өскемен қаласына шақыру пунктiне жеткiзуге, әскер қатарына жарамсыз деп танылғандарды Үржардан Өскеменге жеткiзуге және алып қайтуға екi резервтiк автобустармен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      8. Аудандық iшкi iстер бөлiмi (полиция подполковнигі Мұздыбаев Мурат Зарипұлы) /келiсiмi бойынша/ төмендегі ұсынылсын:
      1) Бұрын сотталған, бас еркiнен айыру орындарында болған, сотпен тергеуде жүрген әскерге шақырушылар туралы қорғаныс істері жөніндегі бөлімге хабарлап, олардың тiзiмiн беру;
      2) Шақыру учаскесiнде тәртiптi қамтамасыз ету үшiн полиция жасағын бөлу;
      3) Қазақстан Республикасы «Әскери мiндет және әскери қызмет туралы» Заңын орындаудан бас тартқандарға iздеу салу.
      9. Аудандық қаржы бөлiмi (Ә.Сарбаева) әскерге шақыруды өткiзуге және әскерге шақырылушыларды тасымалдауға, медициналық куәландыруды жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландыру.
      10. 2009 жылғы көктемгі, күзгі шақыру кезіндегі 2-15-35 телефонының байланыс өтемақысы жергілікті бюджет есебінен жүргізілсін.
      11. Үржар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің сұранысы бойынша көктемгі күзгі әскерге шақыру мерзіміне әскерге шақырушылардың жеке істерін зерттеу және рәсімдеу үшін 5 техникалық жұмысшы бөлінсін.
      12. Үржар ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 7 сәуірдегі № 75 «Міндетті әскери қызметке кезекті шақыруды 2008 жылдың сәуір-маусым қазан-желтоқсан айларында ұйымдастыру туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде 2008 жылы 4 мамыр күні № 5-18-64 тіркелген және аудандық «Уақыт тынысы/Пульс времени» газетінде 2008 жылғы 31 мамырдағы № 24 санды басылымда жарияланған) қаулының күші жойылсын.
      13. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімнің орынбасары Қ.Байсиновқа жүктелсін.
      14. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Үржар ауданының әкімі                       Б.Жанақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады