Халықтың нысаналы топтарын белгілеу және оларды қорғаудың 2009 жылға арналған Орал қаласы бойынша әлеуметтік шараларын қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 15 қаңтардағы N 142 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының әділет басқармасында 2009 жылғы 12 ақпанда N 7-1-129 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 14 қаңтардағы N 51 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2010.01.14 N 51 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа алып , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысынасәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленген заңнамалардың тәртібі бойынша нысаналы топтарға жататын жұмыссыздарды келесідей әлеуметтік қорғау шараларымен қамтамасыз етілсін:
      1) жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
      2) жұмыссыздар үшін кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру, қайта даярлау және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
      3) табысы аз азаматтарға жататын жұмыссыздарға заң актілеріне сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету.
      3. Орал қаласы әкімдігінің "Халықтың нысаналы топтарын белгілеу және оларды қорғаудың 2008 жылға арналған Орал қаласы бойынша әлеуметтік шараларын қамтамасыз ету туралы" 2008 жылғы 19 маусымдағы N 1612 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-1-100 тіркелген, 2008 жылы 24 шілдедегі "Жайық үні" газетінде жарияланған) қаулының күші жойылған деп танылсын.
      4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М. О. Оңдағановқа жүктелсін.

       Қала әкімі

Орал қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 15 қаңтардағы
N 142 қаулысына
қосымша

       Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2009.03.26 N 756, 2009.06.04 N 1449 Қауларымен.

Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша
тізбесі

N

Санаттар атауы

Жұмысқа орналас-
тырылуға жататын адам саны

1

Ұзақ уақыт жұмыс жасамаған адамдар (он екі айдан астам)


2

Оқу орындарын бітірушілер


3

Дәрігерлік комиссияның қортындысы бар тұлғалар


4

Штаттың қысқаруына байланысты босатылған тұлғалар


5

Жеке еңбек шарты мерзімінің аяқталуына байланысты босатылған тұрғалар


6

Жалғыз тұратын тұлғалар


7

Екі жақты келісім бойынша жұмыстан босатылған тұлғалар


8

Мамандығы жоқ алғашқы жұмыс іздеуші тұлғалар


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады