Шақыру жасындағы азаматтарды 2009 жылғы көктемде және күзде кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 28 мамырдағы N 1389 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының әділет басқармасында 2009 жылғы 10 маусымда N 7-1-142 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қазандағы № 2810 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 24.10.2014 № 2810 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 779 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі N 543 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 779 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысын іске асыру мақсатында Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің басқа да әскерлер мен әскери құралымдар қатарына мерзімді әскери қызметке шақыру және жөнелту 2009 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында өткізілсін.
      2. 1-қосымшаға сәйкес қалалық шақыру комиссиясының құрамы құрылып, бекітілсін. Қалалық шақыру комиссиясының құрамында қалалық медициналық комиссия құрылсын.
      3. Шақыру учаскесі Орал қаласы, Евразия даңғылы, 100 мекенжайында орналасқан Орал қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы ғимаратының 2-ші қабатында ұйымдастырылсын.
      4. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі (2-қосымша) мен шақыру кезінде әскерге шақырылушыларды стационарлық және амбулаториялық тексеру үшін орындар бөлетін емдеу мекемелерінің тізімі (3-қосымша) бекітілсін.
      5. "Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) белгіленген тәртіппен әскерге шақыру пункттерін қамтамасыз ету ұсынылсын.
      6. Шақыруға қатысатын қаладағы медицина мекемелерінің басшылары әскерге шақырылушыларды сапалы медициналық тексеруден өткізу үшін

1-қосымшаға сәйкес дәрігер мамандар мен орта буындағы медицина қызметкерлерін бөлуді қамтамасыз етсін.
      7. Орал қаласының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кезеңіне ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      8. "Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Орал қаласының Ішкі Істер басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскерге шақырылушыларды жинау және әскерлерге жөнелту орындарында ішкі істер органдары қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігін ұйымдастыруды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      9. Аталған іс-шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылсын.
      10. Осы қаулы, 2009 жылғы 17 сәуірден туындаған құқықтық қатынастарға таратылады және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      11. Осы қаулының орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің орынбасары Т. Р. Нығметовқа және Орал қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы бастығының лауазымын уақытша атқарушы подполковник В. С. Мифтаховқа жүктелсін.

      Қала әкімі

1-қосымша
Орал қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 28 мамырдағы
N 1389 қаулысымен бекітілді

Қалалық шақыру комиссиясының
құрамы

      Мифтахов Виталий Сабырұлы     "Батыс Қазақстан облысы,
                                    Орал қаласының Қорғаныс
                                    істері жөніндегі
                                    басқармасы" мемлекеттік
                                    мекемесі бастығының
                                    лауазымын уақытша
                                    атқарушы, шақыру
                                    комиссиясының төрағасы
                                    (келісім бойынша)

      Нығметов Талғат Рақымұлы      Орал қаласы әкімінің
                                    орынбасары, комиссия
                                    төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелері:

      Амангелдіұлы Нұрсұлтан        Орал қаласының Ішкі Істер
                                    Басқармасы бөлім
                                    бастығының орынбасары
                                    (келісім бойынша)

      Дәулетқалиев Жангелді         N 1 қалалық емхананың
      Хамзаұлы                      дәрігер-невропатологы,
                                    медициналық комиссия
                                    төрағасы (келісім
                                    бойынша)

      Құнарова Жібек                N 4 қалалық емхананың
      Қабдырахымқызы                медбикесі, комиссия
                                    хатшысы (келісім бойынша)

Қалалық шақыру комиссиясының
(резервтік) құрамы

      Жұмалиев Қанат Чамханұлы      Запастағы офицерлермен
                                    және кадр жұмыстары
                                    бойынша бөлім бастығы
                                    (келісім бойынша)

      Сұлтанов Абат Тағаұлы         Орал қаласының ауыл
                                    шаруашылық бөлімі
                                    бастығы, қалалық шақыру
                                    комиссиясы төрағасының
                                    орынбасары

Комиссия мүшелері:

      Жамансариев Қажыхан           Орал қалалық Ішкі Істер
      Николайұлы                    Басқарма бастығының
                                    орынбасары (келісім
                                    бойынша)

      Сарбасов Есбол Аронұлы        дәрігер-хирург, қалалық
                                    медициналық комиссия
                                    төрағасы (келісім
                                    бойынша)

      Жалмурзиева Айжан             медбике комиссия хатшысы
                                    (келісім бойынша)

      Қалалық шақыру комиссиясының жұмыс тәртібі "Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесіне сәйкес (жергілікті уақыт бойынша) сағ.8.30-ден 12.30-ге дейін белгіленсін.

Қалалық медициналық комиссияның
құрамы:

      Медициналық комиссияның төрағасы, дәрігер
      Дәрігер-мамандар:
      1. Хирург
      2. Көз дәрігері
      3. Нарколог
      4. Невропаталог
      5. Тері венеролог-Дерматолог
      6. Рентгенолог
      7. Тіс дәрігері
      8. Отоларинголог
      9. Терапевт
      10. Психиатр
      11. Фтизиатр
      Орта буын медицина қызметкерлері:
      1. Көз дәрігерінің медбикесі
      2. Терапевт дәрігерінің медбикесі
      3. Отоларинголог дәрігерінің медбикесі
      4. Рентгенолог дәрігерінің медбикесі
      5. Психиатр дәрігерінің медбикесі
      6. Нарколог дәрігерінің медбикесі
      7. Тіс дәрігерінің медбикесі
      8. Невропатолог дәрігерінің медбикесі
      9. Дерматолог дәрігерінің медбикесі
      10. Фтизиатрдың медбикесі
      11. Медбикесі
      12. Медбикесі

2-қосымша
Орал қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 28 мамырдағы
N 1389 қаулысымен бекітілді

Шақыру жасындағы азаматтарды
2009 жылғы көктемде және күзде кезекті
мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу
кестесі

№ р/с

"Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі

Комиссияның жұмыс күндері, уақыты
8.30-дан 12.30-ға дейін

№ р/с

"Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі

Сәуір

Мамыр

Маусым

Қазан

Қараша

Жел-
тоқ-
сан

17,
20,
21,
22,
23,
24,
27,
28,
29,
30

2, 4,
5, 6,
8, 11, 12,
13,
14,
15,
18,
19,
20,
21,
22,
25,
26,
27,
28,
29

1, 2,
3, 4,
5, 6,
8, 9,
10, 11,
12, 15,
16, 17,
18, 19,
22, 23,
24, 25,
26, 29,
30

1, 2,
3, 5,
6, 7,
8, 9,
12, 13,
14,
15,
16,
19,
20,
21,
22,
23,
26,
27,
28,
29,
30

2, 3,
4, 5,
6, 7,
9, 10,
11,
12,
13,
16,
17,
18,
19,
20,
23,
24,
25,
26,
27,
30

1, 2,
3, 4,
5, 7,
8, 9,
10, 11,
14,
15,
17,
18,
21,
22,
23,
24,
25,
28,
29,
30,
31

3-қосымша
Орал қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 28 мамырдағы
N 1389 қаулысымен бекітілді

Шақыру кезінде әскерге шақырылушыларды
стационарлық және амбулаториялық тексеру үшін
орындар бөлетін емдеу медициналық мекемелерінің
тізімі

      1. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "N 1 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      2. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "N 2 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      3. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "N 3 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      4. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "N 4 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      5. "Медициналық орталық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      6. Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық тері-венерологиялық диспансері" мемлекеттік мекемесі.
      7. Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық туберкулезге қарсы диспансері" мемлекеттік мекемесі.
      8. Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық наркологиялық диспансері" мемлекеттік мекемесі.
      9. Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық психикалық денсаулық орталығы" мемлекеттік мекемесі.
      10. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық клиникалық аурухана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады