2010 жылы Бөрлі ауданында он жеті жасқа толатын азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 51 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 18 қаңтарда N 7-3-88 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімінің 2010 жылғы 19 мамырдағы N 26 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімінің 2010.05.19 N 26 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабына және Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) Бөрлі ауданында 2010 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын ежынысты азаматтардың әскери есебін тіркеу өткізу ұсынылсын.
      2. "Бөрлі аудандық орталық аурухана", "Бөрлі аудандық емхана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарына шақыру учаскесінің әскери міндеттілер мен әскерге шақырушылардың әскери есебін тіркеу кезінде азаматтарды медициналық куәландырудан өткізуді медициналық мүліктермен, жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. Селолық, ауылдық округ әкімдері, азаматтарды шақыру участкесі меншік нысанына қарамастан ұйым, кәсіпорын, мекемелер басшыларына тіркеу өткізілетін күндері:
      1) қажетті техникалық жарамды көлік бөлу;
      2) тіркеуге тиісті азаматтарды негізгі жұмыстан және оқудан босату, оларды шақыру пунктіне жеткізілуі үшін көлікпен қамтамасыз ету;
      3) іс сапарда жүрген тіркеуге тиісті азаматтарды тіркеу үшін шақырып алу ұсынылсын.
      4. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Бөрлі ауданының шақыру пунктіне тіркеуді дайындау және өткізу кезеңіне 2010 жылдың қаңтарынан наурызына дейін есептегі жұмыссыздар қатарынан қажеттілігіне қарай техникалық және қосалқы қызметкерлер ретінде бөлсін.
      5. Аталған шараларға байланысты шығындар жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен өтелсін.
      6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға таралады.
      7. Бөрлі ауданы әкімінің 2009 жылғы 9 қаңтардағы N 2 "2009 жылы Бөрлі ауданында он жеті жасқа толатын азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын (Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 11 ақпандағы N 7-3-73 тіркеу).
      8. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Сидыққа жүктелсін.

      Аудан әкімі                      Б. Шакимов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Бөрлі аудандық орталық аурухана"
      мемлекеттік коммуналдық қазыналық
      кәсіпорнының директоры
      Алдангаров Алтай Аскарович
      ________________ қолы
      23.12.2009 жыл

      "Бөрлі аудандық емхана"
      мемлекеттік коммуналдық қазыналық
      кәсіпорнының директоры
      Жалиев Раниль Миньханович
      ________________ қолы
      23.12.2009 жыл

      "Батыс Қазақстан облысы
      Бөрлі ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы, майор
      Кенжегалиев Нурбулат Утепович
      ________________ қолы
      23.12.2009 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады