2010 жылы мерзімді әскери қызметке шақырылатын жастарды даярлау және 1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімінің 2009 жылғы 23 желтоқсандағы N 83 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 21 қаңтарда N 7-5-106 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 1 наурыздағы N 2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 2010.03.01 N 2 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, ШЕШЕМІН:
      1. Жаңақала ауданы бойынша 2010 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында 1993 жылғы туған азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеу жүргізілсін.
      2. Азаматтарды учаскеде тіркеу кезінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету Жаңақала ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы М.У.Мырзағалиевке тапсырылсын (келісімі бойынша).
      3. Жастарды тіркеу кезінде жұмыс істейтін дәрігерлік комиссиясын құру және қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету "Жаңақала аудандық орталық аурухана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директорының міндетін атқарушы С.С.Кенжегалиеваға тапсырылсын (келісімі бойынша).
      4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары З. Ж. Сисенғалиға жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 5 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі                        Т. Т. Мерғалиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Жаңақала ауданының ішкі
      істері бөлімі бастығы
      Мырзағалиев Мирболат Уалиұлы
      ___________23.12.2009 ж.

      "Жаңақала аудандық орталық
      аурухана" мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорны директорының
      міндетін атқарушы
      Кенжегалиева Сауле Саулетовна
      ___________23.12.2009 ж.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады