2009 жылы Жәнібек ауданында он жеті жасқа толатын азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізуді ұйымдастыру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімінің 2009 жылғы 16 ақпандағы N 7 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 17 наурызда N 7-6-85 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. "Жәнібек аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) Жәнібек ауданында 2009 жылдың қаңтар-наурыз аралығында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын ер жынысты азаматтардың әскери есебін тіркеуін өткізу ұсынылсын.
      2. "Жәнібек аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) шақыру учаскесінің әскери міндеттілер мен әскерге шақырушылардың әскери есебін тіркеу кезінде азаматтарды медициналық куәландырудан өткізуді дәрі-дәрмекпен, инструментариймен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Жәнібек ауданының тіркеу пунктіне тіркеуді дайындау және өткізу кезеңіне 2009 жылғы қаңтардан наурызға дейін есептегі жұмыссыздар қатарынан қажеттілігіне қарай техникалық және қосалқы қызметкерлер ретінде бөлсін.
      4. Аталған шараларға байланысты шығын жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен өтелсін.
      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқық қатынастарға қолданылады.
      6. Аудан әкімінің "Жәнібек ауданы аумағындағы әскерге шақыру учаскесіне 1992 жылы туған азаматтардың тіркелімін өткізу туралы" 2008 жылғы 15 желтоқсандағы N 34 (мемлекеттік тіркеу N 7-6-80) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
      7. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. А. Есенғалиевке жүктелсін.

      Аудан әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады