2009 жылдың cәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 сәуірдегі N 132 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 6 мамырда N 7-6-87 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 779 Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 779 Жарлығын іске асыру туралы" N 543 Қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2009 жылдың сәуір – маусымында және қазан – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
      2. Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы (1 қосымшаға) сәйкес құрылсын. Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамында аудандық медициналық комиссия құрылсын.
      3. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі (2 қосымша) бекітілсін.
      4. Ауылдық округ әкімдері азаматтарды толық әскери қызметке шақыру, оларды әскер қатарына жөнелту үшін уақытында қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізуді қамтамасыз етсін.
      5. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің сұранысына қажетті қоғамдық қызметкерлермен қамтамасыз етсін.
      6. "Жәнібек аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (Т. Мұсағалиев) (келісім бойынша):
      1) шақыру кезеңіне арнап қажетті мөлшерде жоғары білікті тәжрибелі дәрігер – мамандар, медбикелер бөлсін және қорғаныс істері жөніндегі бөлімді медициналық жабдықтармен, аспаптармен қамтамасыз ету ұсынылсын;
      2) шақыру комиссияларымен емдеу мекемелеріне жіберілген шақырылушылардың стационарлық және емханалық тексерулерін және емделуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
      7. Аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша) шақыру пунктінде әскерге шақырылушы азаматтардың қоғамдық тәртіпті сақтауын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      8. Аудандық қаржы бөлімі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру, оларды әскери бөлімшелерге алдыру жөніндегі шараларды орындауға байланысты шығындарға, аудандық бюджеттен қаралған қаражатын бөлсін.
      9. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (келісім бойынша) шақырудың барысы туралы қорытынды ақпаратты 2009 жылдың 11 желтоқсанына тапсыру ұсынылсын.
      10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. А. Есенғалиевке жүктелсін.
      11. Осы қаулы, 2009 жылғы 17 сәуірден туындаған құқықтық қолданылатын аталған қаулының 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі      

2009 жылғы 30 сәуірдегі
N 132 қаулысына 1-қосымша

Мерзімді әскери қызметке
азаматтарды шақыру комиссиясы
құрамы

Мағзомов Арман Төлепұлы

аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)

Қайдаров Мереке Жұмабайұлы

аудандық ішікі саясат бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелері:

Төлеуов Берік Төлепұлы

аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)

Өтегенов Амангелді Бұхарұлы

аудандық аурухананың дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша)

Шукенова Бәлия Сағынғалиқызы

аудандық аурухананың медбикесі, комиссия хатшысы

Аудандық әскерге шақыру комиссиясының (резервтік)
құрамы 

Бекжанов Нұртас Нұрманұлы

аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бөлімше бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)

Ибатов Миранбек Нұрланұлы

-

аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамту және қаржы-шаруашылық жұмыс бөлімінің меңгерушісі, комиссиия төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелері:

Дауова Мәнсия Нариманқызы

аудандық аурухананың дәрігері

Қуанышқалиев Еркін Сабидоллаұлы

ауданның ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)

Кушумова Айнур Мерейқызы

аудандық аурухананың медбикесі, комиссия хатшысы

      Аудандық шақыру комиссиясының жұмыс тәртібі аудандық қорғаныс істері бөлімінің жұмыс кестесіне сәйкес (жергілікті уақыт бойынша) сағ. 8.30-дан 12.30-ға дейін белгіленсін.      

Аудандық медициналық комиссия
құрамы 

      Медициналық комиссияның төрағасы, дәрігер 

      Дәрігер-мамандар:
      Хирург
      Көз дәрігері
      Нарколог
      Невропатолог
      Тері венеролог
      Дерматолог
      Рентгенолог
      Тіс дәрігері
      Отоларинголог
      Терапевт
      Психиатор

      Орта буын медицина қызметкерлері:
      Көз дәрігерінің                   медбикесі
      Терапевт дәрігердің               медбикесі
      Отоларинголог дәрігердің          медбикесі
      Рентгенолог дәрігердің            медбикесі
      Психиатор дәрігердің              медбикесі
      Нарколог дәрігердің               медбикесі
      Тіс дәрігердің                    медбикесі
      Невропатолог дәрігердің           медбикесі
      Дерматолог дәрігердің             медбикесі
      Фтизиатрдың медбикесі
      медбикесі
      медбикесі      

2009 жылғы 30 сәуірдегі
N 132 қаулысына 2-қосымша

Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу
кестесі

N

Мекеменің атауы







сәуір

мамыр

маусым

қазан

қараша

желтоқсан

1

Корғаныс істері жөніндегі бөлім

17,20,
21,22,
23,24,
27,28,
29,30

4,5,6,
7,11,
12,13,
14,15,
18,19,
20,21,
22,25,
26,27,
28,29

1,2,3,
4,5,8,
9,10,
11,12,
15,16,
17,18,
19,22,
23,24,
25,26,
29,30

1,2,5,
6,7,8,
9,12,
13,14,
15,16,
19,20,
21,22,
23,26,
27,28,
29,30

2,3,4,
5,6,9,
10,11,
12,13,
16,17,
18,19,
20,23,
24,25,
26,27,
30

1,2,3,4,
7,8,9,10,
11,14,15,
17,18,21,
22,23,24,
25,28,29,
30

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады