Аудан әкімдігінің 2009 жылдың 27 мамырындағы "2009 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" N 126 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 13 қазандағы N 251 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 12 қарашада N 7-8-94 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабын, Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19 бабын басшылыққа алып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2009 жылдың 27 мамырындағы "2009 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" N 126 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде N 7-8-89 02.06.2009 жылы тіркелген, "Ауыл айнасы" газетінде 27.07.2009 жыл N 33 санымен жарияланған) төмендегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 1 қосымшадағы "Жұбандыков Айболат Хамитұлы" мен "Ақатаев Тельман Қабошұлы" аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамынан шығарылып, олардың орнына "Амірғалиев Маханбет Шайқыұлы" мен "Сарсенбаев Руслан Набиоллаұлы" енгізілсін.
      2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Молдашевқа жүктелсін.

      Аудан әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады