Салық салу бірлігіне тіркелген жиынтық салық ставкалары туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 2009 жылғы 26 ақпандағы N 11-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 13 наурызда N 7-10-59 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 2018 жылғы 17 шілдедегі № 28-7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 17.07.2018 № 28-7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 422 бабын және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып Сырым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Салық салу бірлігіне тіркелген жиынтық салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Сырым аудандық мәслихаты сессиясының төрайымы Г.Кажмуратова
      Сырым аудандық мәслихатының хатшысы А.Галимов

  Аудандық мәслихаттың
кезектен ХІ сессиясының
2009 жылғы 26 ақпандағы
N 11-3 шешіміне қосымша

Салық салу бірлігіне тіркелген жиынтық салық ставкалары

N

Салық салу объектісінің атауы

Салық салу нысандарының бірлігі

Бірыңғай жиынтық салық ставкасы (айлық есептік көрсеткішінде)

1

2

3

4

1

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы 

Бір ойын автоматы

1

Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

Бір ойын автоматы

1

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

Бір компьютер 

1

Ойын жолы

Бір ойын жолы

5

5

Карт

Карт

2

6

Бильярд үстелі

Бір бильярд үстелі

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады