2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 7 мамырдағы N 174 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 20 мамырда N 7-12-79 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 26 қаңтардағы N 25 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 2010.01.26 N 25 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Теректі ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақырылуын жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.

      2. Осы қаулыға 1 қосымшаға сәйкес аудандық әскерге шақыру комиссиясы құрылсын және аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамында аудандық медициналық комиссия құрылсын.

      3. Осы қаулыға 2 қосымшаға сәйкес азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткiзу кестесі бекітілсін.

      4. "Теректі аудандық орталық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша) мен "Теректі аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша):

      1) шақыру кезеңіне арнап қажетті мөлшерде тәжірибелі дәрігер-мамандармен және медбикелермен қамтамасыз ету ұсынылсын;

      2) шақыру кезеңіне арнап шақыру пункттерін медициналық жабдықтармен және аспаптармен қамтамасыз ету ұсынылсын.

      5. "Теректі аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) шақыру кезінде шақыру пункттерінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

      6. Селолық округтердің әкімдері:

      1) шақырушылардың шақыру пунктіне уақытында келуін;

      2) шақырушылардың мерзімді әскери қызметке жөнелту үшін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жеткізілуін ұйымдастырсын.

      7. "Теректі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды дер кезінде және сапалы өткізу үшін ақша қаражатының бөлінуін қамтамасыз етсін.

      8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қадыров Әділбек Жаныбекұлына жүктелсін.

      9. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 16 сәуірдегі №161 "2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" қаулысы бұзылсын.

      10. Осы қаулы, 2009 жылғы 17 сәуірден туындаған құқық қатынастарға қолданылатын аталған қаулының 1, 2, 3, 4, 5, 6 және 7 тармақтарын қоспағанда алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А.Горобцов

  Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 7 мамырдағы
N 174 қаулысына 1 қосымша

Аудандық әскерге шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ:

      Садыхов Денис Арифович -       Теректі ауданының қорғаныс

      істері жөніндегі бөлімі

      бастығының міндетін

      атқарушы, әскерге шақыру

      комиссиясының төрағасы

      Қадыров Әділбек Жәнібекұлы -       Теректі ауданы әкімінің

      орынбасары, әскерге шақыру

      комиссиясы төрағасының

      орынбасары

Комиссия мүшелері:

      Каипов Қылышбай Молдашұлы -       Теректі ауданының ішкі

      істер бөлімі бастығының

      орынбасары

      Утешов Мадияр Амангелдыұлы -       дәрігер–хирург,

      медициналық–дәрігерлік

      комиссия төрағасы

      Жұмағалиева Динара -             медбике, комиссия хатшысы

      Қадрахимқызы

Аудандық әскерге комиссиясының (резервтік) құрамы:

      Нугманов Құрманбек -             Әскерге шақыру және

      Жумагельдиевич                   келісім-шарт бойынша

      жинақтау бөлімшесінің

      бастығы, әскерге шақыру

      комиссиясының төрағасы

      Өтешев Рашид Құрманұлы -       Теректі ауданы әкімінің

      орынбасары, әскерге шақыру

      комиссиясы төрағасының

      орынбасары

Комиссия мүшелері:

      Тукпаев Талғат Бақытжанович -       Теректі ауданының ішкі

      істер бөлімі бастығының

      орынбасары

      Кубаев Бекзат Утегенович -       дәрігер–хирург,

      медициналық–дәрігерлік

      комиссия төрағасы

      Бурпиева Гүлнур -                   медбике, комиссия хатшысы

      Ғабдулбариевна

Аудандық медициналық комиссиясының құрамы:

      Утешев Мадиар Амангалиевич - хирург

      Мищенко Алексей Александрович - отоларинголог

      Изимова Эльмира Куанышевна - стоматолог

      Казмухамбетова Аягуз Асемгалиевна - окулист

      Кабулова Зайда Кабуловна - дерматолог

      Дюсембаева Звайда Сагиевна - невропатолог-психиатр

      Искалиева Ляззат Гусмановна - терапевт

      Хабулова Гульжихан Жардемовна - Рентгенолог

      Медбикелер:

      Бурпиева Гульнур Габдулбариевна

      Жумагалиева Динара Кадрахимовна

      Хабибуллина Дамеш Давлетовна

Аудандық медициналық комиссиясының (резервтік) құрамы:

      Асуов Еркін Ирсанұлы - хирург, отоларинголог

      Ешмукан Азиз - терапевт

      Есмагамбетова Шара Тоимбетовна - невропатолог, психиатр

      Куанышкалиева Ляззат Халыковна - окулист, дерматолог

      Толеуова Баян Даукеновна - стоматолог

      Аденова Саягуль Каиржановна - фтизиатр

      Медбикелер:

      Сейлханова Роза Геннадевна

      Мухамбетжановна Айнаш Абухашевна

      Максотова Анар Бурановна

  2 қосымша
Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 7 мамырдағы
N 174 қаулысымен бекітілген

Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі

N

Қорғаныс істері жөнін- дегі бөлімі

сәуір

мамыр

маусым

қазан

қараша

Желтоқ-сан

1

Қорғаныс істері жөнін- дегі бөлімі

20, 21, 22, 23, 24, 27, 28, 29,
30

4, 5, 6, 7, 8, 12, 13, 14, 15, 18, 19, 20, 21, 22, 25, 26, 27, 28, 29

1, 2, 3, 4, 5, 8, 9, 10, 11, 12, 15, 16, 17, 18, 19, 22, 23, 24, 25, 26, 29, 30

1, 2, 5, 6, 7, 8, 9, 12, 13, 14, 15, 16, 19, 20, 21, 22, 23, 27, 28, 29, 30

2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 16, 17, 18, 19, 20, 23, 24, 25, 26, 27, 30

1, 2, 3, 4, 7, 8, 9, 10, 11, 14, 15, 18, 21, 22, 23, 24, 25, 28, 29, 30, 31


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады