Халықтың нысаналы топтарының тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 8 мамырдағы N 71 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 22 мамырда N 7-13-97 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 28 қаңтардағы N 4 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2010.01.28 N 4 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Халықтың нысаналы топтарының тізбесі қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Хангереев), халықтың нысаналы топтарын жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастырсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Айтмұхамбетовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М.Тоқжанов

  Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 8 мамырдағы
N 71 қаулысына
ҚОСЫМША

Халықтың нысаналы топтарының
тізбесі

      1. Табысы аз адамдар.

      2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар.

      3. Балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар.

      4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты, көп балалы ата-аналар.

      5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар.

      6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған).

      7. Мүгедектер.

      8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар.

      9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.

      10. Оралмандар.

      11. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтіндер (бір жыл және одан да көп).

      12. Елу жастан асқан адамдар.

      13. Бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектері.

      14. Алған мамандық бойынша еңбек өтілі және тәжірибесі жоқ, жұмыстан бос жастар.

      15. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздар.

      16. Жалпы білім беру мектептерінде, кәсіптік бастауыш, орта және жоғары оқу орындарында оқитын жастар (демалыс кезінде).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады