Карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 1 желтоқсандағы N 273 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 10 желтоқсанда N 7-13-117 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 11 ақпандағы N 16 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2010.02.11 N 16 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Шыңғырлау ауданының мемлекеттік ветеринариялық бас инспекторының 2009 жылғы 25 қарашадағы N 501 ұсынысына сәйкес, құтыру ауруының әлеуметтік қауіптілігін ескере отырып, осы ауруға қарсы эпизоотиялық шаралардың орындалуын қамтамасыз ету және округ тұрғындарын құтыру ауруынан сақтандыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ірі қара малы арасында құтыру ауруының тіркелуіне байланысты Шыңғырлау селолық округінің аумағына карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне, Шыңғырлау селолық округ әкімімен, "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Шыңғырлау ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" Мемлекеттік мекемесімен және Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Шыңғырлау аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнымен бірлесе отырып, шаруашылық-ұйымдастыру, санитарлық және арнайы ветеринариялық медициналық шараларын уақытылы және толық орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын (келісім бойынша).
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Байменовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі             М. Тоқжанов

      КЕЛІСІЛДІ
      Батыс Қазақстан облысының
      әкімдігі денсаулық сақтау
      басқармасының "Шыңғырлау
      аудандық орталық ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорнының директоры
      Қалмен Толыбай Қалменұлы_______01.12.2009

      КЕЛІСІЛДІ
      "Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылығы министрлігі
      Агроөнеркәсіптік кешендегі
      мемлекеттік инспекция комитетінің
      Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Досказиев Сайн Төлегенұлы______01.12.2009

      КЕЛІСІЛДІ
      "Қазақстан Республикасы Денсаулық
      сақтау министрлігі Мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
      Комитетінің Батыс Қазақстан облысы
      бойынша департаменті Шыңғырлау
      ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Сабиров Ермек Хатимұлы_________01.12.2009


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады