Көше атаулары туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Қызылкөл селолық округі әкімінің 2009 жылғы 30 сәуірдегі N 1 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 29 мамырда N 7-13-99 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы",  "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңдарын және "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы N 45 қаулысын, аудандық ономастикалық комиссия отырысының 2008 жылғы 23 маусымдағы N 5 ұйғырымына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Қызылкөл селолық округіне қарасты Шоқтыбай, Қызылкөл, Правда, Жаңакүш, Үлгілі және Ақсұғым селоларының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
      Шоқтыбай елді-мекенінің көшелеріне: Достық, Қопа, Ақсу;
      Қызылкөл елді-мекенінің көшелеріне: Болашақ, Құмқұдық, Ақсұғым;
      Правда елді-мекенінің көшелеріне: Атамекен, Бейбітшілік, Еңбек;
      Жаңакүш елді-мекенінің көшелеріне: Саға, Самалықсай, Елек;
      Үлгілі қыстағының көшесіне: Елекшар;
      Ақсұғым елді-мекенінің көшесіне: Қызылкөл.
      2. Осы шешімді орындау барысында қажетті қаржы шығымдарын заңнамаларға сәйкес қарауды округ бас маман-есепші Е. Турмагамбетовке жүктелсін.
      3. Осы шешімді орындау және қадағалау өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылкөл селолық округінің әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады