"Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 599 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2010 жылғы 17 қыркүйектегі N 462 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 15 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6563 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 2 мамырдағы № 229 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2012.05.02 № 229 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      РҚАО-ның ескертуі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз.

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы желтоқсанның 10-ындағы Кодексінің 653-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 599 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 29 желтоқсанда № 5426 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 23 қаңтарда № 11 (1434) жарияланған), келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған бұйрықпен бекітілген, Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және беру ережесіне:
      1-тармақ мынадай редақцияда жазылсын:
      «Осы Ереже (шарап материалдары мен сыраны қоспағанда) алкоголь өніміне (бұдан әрі - алкоголь өнімі) арналған есепке алу-бақылау таңбаларын, сондай-ақ темекі бұйымдарына арналған акциздік таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және беру тәртібін реттейді.
      Есепке алу-бақылау таңбаларын алушылар:
      1) алкоголь өнімінің өндірісі саласында қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
      2) алкоголь өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын заңды Қазақстан Республикасы резидент-тұлғалар.
      Темекі бұйымдарына арналған акциздік таңбаларды алушылар Қазақстан Республикасында темекі өнімдерін өндіру және (немесе) импорттау қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар болып табылады.»;
      Мәтін бойынша «шарттарға» және «келісім-шартының» деген сөздер сәйкесінше «келісімдерге (келісім-шарттарға)» және «келісімінің (келісім-шартының)» деген сөздерімен ауыстырылсын;
      6-тармақта:
      «1-қосымшаға» деген сөздер «1, 1-1-қосымшаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Аталған құжаттар Комитетке және салық органдарына беріледі.»;
      8-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Алушылардың берген өтінімдері келесі жылға тасымалданбайды.»;
      15-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) алкоголь өнімін кеден одағының мемлекет-мүшелердің аймақтарынан әкелінген кезде алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сатуға берілген лицензияның көшірмесі немесе кеден одағының мүшесі емес мемлекеттердің аймақтарынан алкоголь өнімін әкелінген кезде алкоголь өнімін импорттауға берілген лицензияның көшірмесі;»;
      17-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «осы Ереженің 16-тармағында көрсетілген құжаттар Комитетке және салық органдарына есепке-алу бақылау таңбаларын алмастан бұрын тапсырылады.»;
      18-тармақта:
      «алкоголь өніміне» деген сөзден кейін «және кеден одағының мемлекет-мүшелердің аймақтарынан» сөздерімен толықтырылсын;
      4) тармақшада «.» деген тыныс белгісі «;» деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) кеден одағының мемлекет-мүшелердің аймақтарынан алкоголь өнімі әкелінген кезде сыртқы саудалық келісімнің (келісім-шарттың) нөмірі және күні.»;
      19-тармақта:
      бірінші абзацта:
      «Импортталатын алкоголь өнімдеріне арналған есепке алу-бақылау таңбалары немесе импортталатын» деген сөздер «Кеден одағының мүшесі емес мемлекеттердің аймақтарынан импортталынатын алкоголь өнімдеріне арналған есепке алу-бақылау таңбалары немесе» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақшада «келісім-шартының» деген сөздер «келісімінің (келісім-шартының)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-қосымшада:
      кестеде:
      атауы келесі редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасында өндірілетін алкогол өнімдеріне арналған есепке алу-бақылау таңбаларын немесе темекі бұйымын таңбалауға арналған акциздік таңбаларды сатып алуға өтінім»;
      14-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ескерту (Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекібұйымдарына арналған акциздік таңбалардың түрін көрсетіңіз «парақтық» немесе «қиылған»)»;
      «Материалдық-жауапты тұлғасы» деген сөздер «Бас бухгалтер» деген сөздермен ауыстырылсын;
      осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын;
      2-қосымшада «келісім-шарттың» деген сөздер «келісімнің (келісім-шарттың)» деген сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ергожин Д.Е.) осы бұйырықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Министр                                       Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің    
2010 жылғы 17 қыркүйектегі
N 462 Бұйрығы     

Есепке алу-бақылау     
таңбалары мен акциздік   
таңбаларды алу, есепке алу,
сақтау және беру ережесіне
1-1-қосымша        

_______________________________________________
(салық органының атауы)        

_______________________________________________
(Басшының аты-жөні)           

Есепке алу-бақылау таңбаларын немесе акциздік таңбаларды сатып алуға өтінім

қаңтар

ақпан

наурыз

сәуір

мамыр

маусым

тамыз

қыркүйек

қазан

қараша

желтоқсан

жылына барлығы

Ескерту (парақтық немесе қиылған, Қазақстан Республикасы аумағында өндірілген немесе импортталған темекі бұйымдарына арналған акциздік таңбаларды көрсетіңіз)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13



























Басшы           _________________________________________
                                 (аты-жөні)

Бас бухгалтер   _________________________________________
                                 (аты-жөні)

М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады